Дүниежүзілік денсаулық күні шеңберінде Қазақстанда Зика вирусымен күрес бойынша ақпараттық науқан өтеді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Дүниежүзілік денсаулық күні шеңберінде Қазақстанда Зика вирусымен күрес бойынша ақпараттық науқан өтеді

7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінде ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы және ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік қолдауымен Зика вирусымен күрес бойынша ақпараттық науқан өтеді.

Өткізілетін кампанияның мақсаты: жұртшылықтын назарын осы вирустық аурудын алдын алуға аудару, оның симптомдары, маса шағудан қорғану шаралары туралы хабардарлығын артыру және т.б.

Ақпараттық науқан шеңберінде электрондық және баспа БАҚ-та, радиостансаларда мамандардың сұхбаттары; интернет порталдарында ақпараттық материалдарды орналастыру; медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында (МСАҚ) аудио- және бейнероликтерді ротациялау; тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мамандарының қатысуымен баспасөз конференцияларын өткізу; жеке қорғану шаралары туралы ақпараттық білім беретін материалдарды тарату, МСАҚ ұйымдарында, оқу орындарында және халық көп шоғырланған жерлерде сөз сөйлеу сияқты іс-шаралар жоспарлануда. 

Биылғы жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық медициналық-санитариялық комитеті халықаралық мағыналы қоғамдық денсаулық сақтау саласында Зика вирусының тез таралуы төтенше жағдай туғызғанын мойындады.

Бұл вирус адамдарға тропикалық өңірлерді мекендейтін Aedes albopictus және аegypti түріндегі инфекция жұқтырған шыбын мен масалар шаққанда таралады. Ол адамдан адамға таралмайды. Ауру 4 – 7 күн бойы жеңіл және орташа ауыр клиникалық түрінде өтеді және сауығымен аяқталады. Негізгі симптомдары: дене қызуының көтерілуі, терінің бөртпесі, конъюнктивит, буынның және бастың ауруы, жүректің айнуы және құсу. Соңымен қатар, вирустың адамның ішіндегі нәрестеге едәуір әсер ететіндігі туралы деректер бар. Әйелдер аяғы ауырлығының алғашқы 3-4 айында вирус жұқтырған жағдайда ішіндегі нәрестенің дамуындаға ауытқуға, сондай-ақ жаңа туған сәбидің микроцефалиясына әкеліп соғады. Ерекше вакцинация және емдеу әзірге жоқ.

Аурудың алдын алуы және оны бақылау масалардың шыққан көзін (көбею орындарын құрту және өзгерту) жою арқылы олардың санымен адамдардың масалармен түйісу мүмкіндігін азайтуға негізделген.

Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрылған 1948 жылдан бері аталып келе жатқанын естеріңізге саламыз. 

6 сәуір, 2016 - 15:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші