Соңғы 17 жылда әлеуметтік төлемақы шығындары 6,9 есеге өсті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Соңғы 17 жылда әлеуметтік төлемақы шығындары 6,9 есеге өсті

Соңғы 17 жылда әлеуметтік төлемақы шығындары 6,9 есеге өсті

1999-2015 жылдар аралығында мемлекеттік әлеуметтік төлемақыларға бағытталған республикалық бюджеттің шығыны 6,9 есеге өсті (25,8-ден 177,5 млрд. теңгеге дейін).

Аталған кезеңде мүгедектікке байланысты әлеуметтік төлемақылардың орташа көлемі 7,3 есеге өсті: 3 106-дан 22 710 теңгеге дейін.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемақының көлемі 4,8 есеге өсіп, 2015 жылы 20 555 теңге болды (1999 жылы – 4 250 теңге).

Жас ерекшелігіне байланысты жәрдемақы 5,7 есеге өсті: 1999 жылы 1 951 теңгеден 2015 жылы 11 110 теңгеге дейін.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 7%-ға ұлғайтылды. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 664 мыңнан аса жәрдемақы алушылар тіркелген. 

7 сәуір, 2016 - 09:50 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші