X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ және Қазақстанның фармацевтикалық қауымдастықтары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын ұстап тұру бойынша Меморандум жасасты

ҚР ДСӘДМ және Қазақстанның фармацевтикалық қауымдастықтары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын ұстап тұру бойынша Меморандум жасасты

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова және кәсіби фармацевтикалық қауымдастықтарының басшылары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 105 атауларына бағасын ұстап тұру бойынша Меморандумға қол қойды.

Жоғарыда көрсетілген құжатқа Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту  қауымдастығының президенті Марина Дурманова, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президенті Серік Сұлтанов, «Қазақстан Республикасы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілері» қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин, «Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық өнім дистрибьюторлары» қауымдастығының атқарушы директоры Наталья Гунько қол қойды.

Меморандумға қол қою мақсаты халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдау болып табылады. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың отандық және халықаралық өндірушілері, дистрибьюторлар және бөлшек сауданың  өкілдері бағаны ұстап тұру туралы әлеуметтік жауапкершілікті өздеріне алып, жиі қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 105 атауының бағаларын бекітті. Меморандум 2016 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.

Тізімге қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын препараттар, жүрек, асқазан ауруларына қарсы, сонымен бірге антигистаминді, гипотензивті дәрілер, көз және құлақ тамшылары, дәрумендер және т.б. дәрі-дәрмек түрлері кіреді.

ТіркемеМөлшер
PDF icon memorandum_perechen_0.pdf323.2 KB
13 сәуір, 2016 - 15:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші