«ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында 17 мыңнан астам қазақстандықтар көшірілді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында 17 мыңнан астам қазақстандықтар көшірілді

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында 17 мыңнан астам қазақстандықтар көшірілді

2011 жылдан бастап «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») жүзеге асыруды бастағаннан бері экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден 17 мыңнан астам азамат көшірілді (5 мыңға жуық отбасы).

Жаңа мекен-жайға көшіп келген азаматтардың ішінде 8,4 мың адам еңбекке жарамды жаста, олардың 6,5 мың немесе жалпы көрсеткіштің 77,3%-ы жұмыспен қамтылды.

Көшірілген барлық отбасылары мемлекет есебінен тегін баспана алды, 30%-ға жуық отбасы жеке тұрғын үйлерде тұрса, 70%-ы пәтерлер немесе жатақханадан бөлмелер алды. Жалпы алғанда 1223 жеке тұрғын үй, 108 көппәтерлі тұрғын үй және 12 жатақхана салынды.

Облыстар арасында көшірілген адамдардың басым бөлігі Қарағанды облысында – 4 428 адам, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында сәйкесінше 3 145 және 2 529 адам болды.

Естеріңізге сала кетейік, «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының үшінші бағыты жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу болып табылады. Сонымен, 2015 жылы экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден 1200-ден астам адам көшірілді.

12 сәуір, 2016 - 10:01 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші