17 жылда қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақысының орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

17 жылда қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақысының орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды

17 жылда қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақысының орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды

1999-2015 жылдар аралығында Қазақстанда ынтымақты зейнетақының орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды. 1999 жылы ынтымақты зейнетақының орташа көлемі 4 мың 179 теңге болды, 2015 жылы аталған көрсеткіш 39 мың 379 теңгені құрады.

Көрсетілген кезеңде зейнетақы шығындары 1999 жылы 99,1 млрд.теңгеден 2015 жылы 918,4 млрд. теңгеге дейін 9,3 есеге жуық өсті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы ынтымақты зейнетақының көлемі жыл сайын инфляция деңгейінен 2% басым көрсеткішпен индекстеледі. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы төлемдері 9%-ға өсті. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 1,9 млн. зейнеткер бар

13 сәуір, 2016 - 10:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші