X
egov

You are here

Медициналық дәрі-дәрмектерді рецептімен өткізу – жаңа талап емес

Медициналық дәрі-дәрмектерді рецептімен өткізу – жаңа талап емес

Қазақстанның дәріханаларында дәрілік заттарды рецептімен өткізу – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мниистрлігінің (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) жаңа талабы емес. Рецептімен берілетін препараттарды рецептісіз өткізуге салынған 12 жылдан астам қолданыстағы тыйым азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруге әкелетін дәрілік заттарды бақылаусыз қолдануға рұқсат бермеуге бағытталған.

Рецептімен берілетін дәрілік заттардың тізімі 2004 жылы «Дәрілік заттар туралы» ҚР Заңы арқылы бекітілді. Қазіргі таңда дәрілерді өткізу мәселелері 2009 жылғы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексімен реттеледі. 2016 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 7713 дәрілік заттардың атауы тіркелген, оның ішінде дәрігердің рецептісімен берілетін дәрілер саны 5871 (ҚР-да тіркелген дәрілік заттардың жалпы санының 76%-ы), рецептісіз берілетін дәрілік препараттар саны – 1842.

Рецептімен берілетін дәрілік заттар тізіміне микробқа қарсы және гормонды препараттар; құрамында есірткі құралдары мен психотропты заттары бар дәрілік препараттар; жүрек-қантамырлары ауруларын емдейтін дәрілік заттар; ішек-қарын жолдары ауруларын емдеуде қолданылатын дәрілік заттар кіреді.

Дәрігердің рецептісіз берілетін дәрілік заттар: дәрумендер, мұрын тамшылары, шырындар, шөптен жасалған шәйлар мен жинақтар, кейбір қабынуға қарсы және ауруды басатын препараттар.  

ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау аймақтық департаменті (әрі қарай – МФҚБК) мамандарының 2015 жылғы Астана тұрғындарына жүргізген сауалнамасы дәрілік заттарды алу барысында адамдардың 51%-ы фармацевтер және провизорлармен кеңесетінін, 18% - туыстары және таныстарымен, 12% - шешімді өздігінен қабылдайтынын және тек 19%-ы ғана дәрігерлермен ақылдасатынын көрсетті.

Сонымен қатар, Германия дәріханаларында дәрілік заттардың 80%-ы тек ЕуроОдақ аумағында берілетін рецептімен өткізіледі. Дәрігер адамды толық тексергеннен кейін ғана дәрілік заттардың рецептісін жазып береді. Германияда дәрілік заттарды рецептісіз жазып беру үшін дәрігерді көндірудің қажеті де жоқ. Мұндай жүйе өздігінен емделу мен күшті әсерлі  дәрілік заттарды бақылаусыз қабылдауға жол бермейді.

Дәрілік заттарды, олардың көлемін, енгізу тәсілі мен емдеу ұзақтығын өздігінен таңдау кезіндегі қателесу мүмкіндігі 80%-ға дейін жетеді.

Дәрілік заттарды тиімсіз қолдану мен өздігінен емделу салдары ең алдымен, уақытылы дәрігерге қаралмау, дәрілік заттардың кері әсерлері мен улану, тәуекелділіктің ұлғаюы, кейбір дәрілік заттарға адам ағзасының қабылдауының төмендеуі сияқты аурудың асқыну қатерлі қаупін туындатады.

Антибиотиктер – сансыз адам өмірінің құтқарушысы, медицинаның ең үздік жетістіктерінің бірі болып табылады. Оны тиімсіз қолдану аллергиялық реакция, тыныс демікпесіне, жүрек, бүйрек, бауырдың қауіпті ауруларына, сондай-ақ, балалардың туабітті кемістігінің ұлғаюына әкеледі.

Сонымен бірге, антибиотиктерді бақылаусыз қолдану – микроағзалардың дәрілік заттарға төзімділігін тез туындатады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (әрі қарай - ДДСҰ) мұны маңызды шаралар қабылдауды, сондай-ақ, антибиотиктерді дұрыс тағайындау мен қолдануды талап ететін жаһандық проблема деп қарастырады.

ДДСҰ ұсынымдарын, сонымен қатар, рецептімен босатылатын медициналық препараттарды бақылаусыз қолданудың өсуін ескере отырып, ҚР ДСӘДМ медициналық және фармацевтикалық қызметкерлермен дәрілік заттарды тағайындау мен өткізудің қолданыстағы талаптарын орындау жөнінде, тұрғындармен жауапкершілікті сезінбей, өзін-өзі емдеуден туындайтын қатерлер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандырды.

Сонымен, 2016 жылдың басынан бастап Қазақстанның астанасында «Астана денсаулықты таңдайды!» жобасы басталды. Оны іске асыру шаралары аясында МФҚБК аймақтық департаменттерінің, денсаулық сақтау басқармалары және Астана қаласы Фармацевтикалық бірлестігінің мамандары дәрігерлер мен фармацевтермен кездесу ұйымдастырды. Шара барысында медициналық препараттарды рецептімен өткізудің қолданыстағы ережелерін сақтау мәселелері талқыланды. Қала емханалары мен дәріханаларында тұрғындар үшін ақпараттық афишалар орналастырылды. Аталған бастаманы республиканың өзге де аймақтары қолдады.

ҚР ДСӘДМ рецептілерді жазу процедураларын жеңілдету мақсатында оларды алу схемасы өзгертілетін болады. Дәрігерлер жеңілдігі бар дәрілерге рецептіні созылмалы аурулармен сырқаттанған диспансерлік пациенттер үшін тоқсанына 1 рет (90%), қымбат дәрілер алатын ауыр сырқаттанған адамдар үшін ай сайын (10%) жазып береді. Дәріханалар пациенттерге берілген рецептілер негізінде сәйкес дәрілік заттардың айлық қажеттілігін беру мен оның есебін жүргізетін болады.

Жоғарыда аталған шаралар емханалардағы кезекті айтарлықтай төмендетіп, медперсонал жүктемесін азайтып, құжаттардың қағаз айналымын азайтуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылғы қаңтардан бастап республиканың барлық аймақтарында Дәрілік заттармен қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілген болатын. Аталған жүйе нақты уақыт тәртібінде дәрігерлердің жазып берген рецептілерін қадағалауға, тағайындалған дәрілік заттарды әрбір пациенттің алуына, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне сәйкес (әрі қарай - ТМККК) пациенттердің дәрілік заттармен қамтамасыз етілуін бақылауға мүмкіндік береді. 2016 жылы пилоттық тәртіпте ТМККК құрамына кірмейтін дәрілік заттардың рецептісін электронды құжат айналымына енгізу жоспарланып отыр. 

14 сәуір, 2016 - 11:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші