X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ-де мемлекеттік қызметтерді үкіметтік емес ұйымдарға беру мәселелері талқыланды

ҚР ДСӘДМ-де мемлекеттік қызметтерді үкіметтік емес ұйымдарға беру мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Министр Тамара Дүйсенованың басшылығымен селекторлық тәртіпте «Мемлекеттік органдардың денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен заманауи жағдайда өзара әрекеттесуі: ағымдағы жағдай, даму мәселелері мен перспективалары. Мемлекеттік қызметтерді үкіметтік емес секторға беру» тақырыбында жиын өтті.

Шараға ҚР ДСӘДМ және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының басшылығы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының, Ұлттық денсаулық сақтау палатасының, Республикалық медициналық палатасының, «Қазақстан ФармМедИндустрия» фармацевтикалық және медициналық өнімдер өндірушілері бірлестігінің, Қазақстандық жеке медициналық құрылымдар бірлестігінің, «Медициналық қызметкерлер құқығын қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, сонымен қатар, кәсіби бірлестіктер (барлығы 79 ҮЕҰ), ҚР ДСӘДМ штаттан тыс бас мамандары қатысты.

Жиында клиникалық хаттамаларды жасаудағы, практикалық денсаулық сақтау саласындағы мамандар мен түлектердің білімі мен машығын тәуелсіз бағалаудағы, денсаулық сақтау саласы мамандарын үздіксіз кәсіби дамыту мен қосымша білім берудегі кәсіби бірлестіктердің ролі; мемлекеттік қызметтерді денсаулық сақтау саласының үкіметтік емес секторына беру кезіндегі кәсіби бірлестіктердің күшін нығайту қажеттілігі; медициналық қызмет көрсетудің сапасын ұлғайтудағы пациенттерді қорғайтын  бейкоммерциялық ұйымдардың ролі және т.б. талқыланды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін ҮЕҰ проблемалары мен перспективаларына баса назар аударылды.

Отырысты қорытындылай келе, Кәсіби бірлестіктер және ҮЕҰ Кеңесін құру шешімі қабылданды. Аталған кеңес үкіметтік емес секторға берілетін мемлекеттік қызметтер тізімін жасап, бекітетін болады, сонымен қатар, алға қойған мақсатты жүзеге асыру бойынша Жол картасын жасайды.

 

15 сәуір, 2016 - 12:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші