Тәуелсіздің жылдарында Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығында уроандрологиялық аурумен сырқаттанған 113 мыңнан астам пациент емделді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Тәуелсіздің жылдарында Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығында уроандрологиялық аурумен сырқаттанған 113 мыңнан астам пациент емделді

Тәуелсіздің жылдарында Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығында уроандрологиялық аурумен сырқаттанған 113 мыңнан астам пациент емделді

Б.О. Жарбосынов атындағы урология ұлттық ғылыми орталығы клиникасында (әрі қарай - орталық) 1991-2015 жылдар аралығында уроандрологиялық аурумен сырқаттанған 113856 адам емделді, оның ішінде 79181 (69,5%) пациентке ота жасалып, консервативті емді 34675 адам алды. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек (әрі қарай – ЖММК) 47725 азаматқа, ал мамандандырылған медициналық көмек – 31456 пациентке көрсетілді.

Егер тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 6320 адам емделсе, 2015 жылы бұл көрсеткіш 4890-ды құрады. Сонымен бірге, 1991 жылы келіп түскен пациенттердің тек 50%-ына ғана ота жасалса, 2015 жылы аталған көрсеткіш 97,1 % болды. Орталықта күндізгі стационар, амбулаторлық-емханалық көмек, амбулаторлық хирургия сияқты стационарды алмастыратын технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Көрсетілетін медициналық көмектің сапасы айтарлықтай жақсарды. Оған дәлел – отадан кейінгі асқынулар мен өлім-жітім көрсеткішінің төмендеуі. Қазіргі таңда отадан кейінгі уроандрологиялық патологиясы бар пациенттерді ерте оңалту тәсілдерін жасау мен енгізу бойынша іс-шаралар атқарылуда.

Соңғы жылдары орталық несеп-жыныстық жүйесі органдарының ауруларын диагностикалау мен емдеу, оны клиникалық тәжірибеге енгізу бойынша инновациялық технологияларды, сонымен қатар, ЖММК тізімін республикалық деңгейде енгізуде.

Сондай-ақ, шеберлік сыныптарын өткізу, мамандарды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру кезінде оларды оқыту және өткізілетін конференциялар, пленумдар, съездер мен телеконференцияларға мамандарды қатыстыру арқылы аймақтарға жоғары технологияларды жеткізу жүзеге асырылып отыр.

Жыл сайын орталық базасында еліміздің барлық аймақтарындағы уролог мамандар үшін тегін оқыту шаралары жүргізіледі. Бұл оларға уроандрологиялық патологиясы бар пациенттерді диагностикалау мен емдеуде инновациялық және аз инвазивті тәсілдерді қолдануды меңгеруге мүмкіндік береді. 

Орталық урологтар, эндокринологтар, психологтар, кардиологтар, сексопатологтар және тағы басқа дәрігерлердің қатысуымен ер адамдардың денсаулығын дисциплинааралық емдеуге негізделген «Ер адамдардың денсаулығы» атты бағдарлама жасалып, іске асырылуда. Бұл шара ер адамдардың денсаулығын сақтау, емдеу, алдын алу бойынша жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. 10 жылдың ішінде бағдарлама аясында Қазақстан ерлерінің 2 ірі көлемдегі скринингтік зерттеулері жүргізілді. 2016-2019 жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мембағдарламасына 4 скринингтік зерттеу енгізілген.

25 жылдың ішінде орталықты қаржыландырудың жалпы көлемі 26 есеге ұлғайды. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясындағы қаржыландыру 1991-2015 жылдар аралығында 20 есеге өсті. 1994 жылдан бастап ақылы қызмет көрсету 116 есеге ұлғайды. Бүгінгі таңда орталықта ақылы негізде урологиялық аурулармен сырқаттанған Қазақстан және алыс-жақын шетел азаматтарына медициналық көмектің барлық түрі көрсетіледі. Бұл заманауи медициналық жабдықтарды алу, көрсетілетін қызметтердің ақылы пациенттер үшін стационарда емделу шарттарының сапасын арттыру арқылы іске асырылып келеді. 

 

19 сәуір, 2016 - 10:58 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші