Халықаралық сарапшылар «Саламатты Қазақстан» Мембағдарламасын жүзеге асыру нәтижесін жоғары бағалады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Халықаралық сарапшылар «Саламатты Қазақстан» Мембағдарламасын жүзеге асыру нәтижесін жоғары бағалады

Халықаралық сарапшылар «Саламатты Қазақстан» Мембағдарламасын жүзеге асыру нәтижесін жоғары бағалады

Дүниежүзілік банк сарапшылары ҚР Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттарын іске асыру шараларына оң баға берді. 

Халықаралық сарапшылардың ең жоғарғы бағасына медицинаның профилактикалық бағытын күшейту, ұйымдардағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру, медициналық көмекті басқару мен қаржыландыру бағыттары ие болды.

Мембағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде барлық 8 мақсатты индикаторлар орындалды: ана (1,8 есеге) мен сәби (1,8 есеге) өлімінің көрсеткіші төмендеді, туберкулезбен сырқаттану (1,6 есеге) азайды, негізгі әлеуметтік мәні бар аурулардан: қан айналым жүйесі ауруларынан (2 есеге), қатерлі ісіктерден (15%-ға), жарақаттану мен уланудан (на 21%) болатын өлім-жітім төмендеді. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші де (жоспар бойынша – 7,62, шын мәнінде 1000 тұрғынға шаққанда 7,52) азайды.

Мембағдарламаның негізгі нәтижелері төмендегідей:

1. Ынтымақты жауапкершіліктің 7 сектораралық бағдарламасын жүзеге асыру.

2. Құрамында 9 нозология бойынша тексеру шаралары бар Ұлттық скринингтік бағдарламаны іске асыру.

3. Тұрғындарды 21 вакцинамен басқарылатын инфекциядан уақытылы иммундаумен қамтамасыз ететін, бірқатар жұқпалы аурулар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай.

4. ДСҰ талаптарына сай азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында гендік-модификацияланған нысандарды зерттеу, химиялық заттар менмикробиологиялық көрсеткіштерді анықтау бойынша жылдам зерттеуді енгізу.

5. Стационарлық деңгейде Денсаулық сақтау жүйесі бірыңғай ұлттық жүйесінің (әрі қарай - ДСБҰЖ) негізгі қағидаларын енгізу. Бұл – пациенттердің стационарды еркін тұрде таңдауы, медициналық қызмет көрсетудің бәсекеге қабілетті ортасын құру, медициналық қызметті көрсету процесінің ашықтығы, көрсетілетін медициналық қызметтің көлемі, сапасы мен нәтижесінің қорытындысына байланысты медициналық ұйымдарды қаржыландыру болып саналады.

6. 2025 жылға дейін облыстық аурухана ұйымдары жүйесінің құрылымын өзгерту бойынша мастер-жоспар жобаларын жасау.

7. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижесін бағалаудың халықаралық бағалау индикаторларын енгізу. ЖОО түлектері мен дәрігерлер және т.б. білімі мен машығын тәуеліз бағалау республикалық орталығы салынлы.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 15 қаңтарда Мемлекет басшысы «Саламатты Қазақстан» Мембағдарламасының жалғасы болып табылатын ҚР денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын бекітті.  

 

20 сәуір, 2016 - 12:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші