X
egov

You are here

Қазақстанда жоғарғы медициналық колледждер құрылмақ

Қазақстанда жоғарғы медициналық колледждер құрылмақ

Қазақстанның 10 медициналық колледжі, оның ішінде 2016 жылы 6, 2017 жылы 4 оқу орны жоғарғы медициналық колледж болып қайта құрылады. Аталған оқу орындарында фин сарапшыларының қатысуымен әзірленген «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасы енгізілмек. 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша жобаны жүзеге асыруды 2014 жылы эксперименталды тәртіпте 6 мемлекеттік медициналық колледж базасында (Астана қаласының медициналық колледжі, Көкшетау медициналық колледжі, Қызылорда медициналық колледжі, Павлодар медициналық колледжі, Республикалық орта медициналық және фармацевтика қызметкерлерін дайындау мен қайта даярлау колледжі, Батыс Қазақстан медициналық колледжі) бастады. 

ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР ДСӘДМ мамандары JAMK және Lahti (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеттерінің әріптестерімен бірлесе отырып ҚР-дағы мейіргерлік білім беру жүйесін жетілдірудің 2016-2019 жылдарға арналған жол картасын жасады.

Қолданбалы бакалавриат бағдарламасы еуропалық директиваларға сай дуалды білім беру қағидаларын қарастырады. Оның ішінде оқу сағаттарының 60-70%-дан кем емес (оқу мерзімі 3,5 жыл) көлемінде білікті тәлімгердіің басшылығымен емханалық базада өндірістік практиканы жүзеге асыру да бар. Аталған бағдарлама ЕуроОдақ елдерінде кеңінен таралған, сонымен қатар, практикалық әзірлігі басым жоғары білікті мейіргерлерді дайындауға бағытталған.

«Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат жоғарғы медициналық колледж түлектері ауруларды дәрігерге дейінгі тексеру, алдын ала диагноз қою, бейінді мамандарына консультацияға бағыттау, балалар және ересек тұрғындар патронажы, дәрігердің бақылауымен дәрілік тағайындауларды жазу сынды  мейіргерлік қабылдау үшін кәсіби машықтарды игеріп шыгады.

Қазіргі таңда фин және отандық мамандар «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың біріктірілген бағдарламасын әзірлеуде. Аталған бағдарлама бойынша бұдан бұрын білім алған мейіргерлер бір жарым жылдың ішінде қосымша оқу арқылы өз кәсіби машықтарын дамыта алады.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда 26 мемлекеттік және 37 жеке медициналық колледж бар. Олар жыл сайын орта есеппен 12 мың орта буын медқызметкер дайындайды. Бүгінде орта медперсонал сала қызметкерлерінің ең көп санатын құрайды, орадың саны шамамен 160 мың маман.

 

9 маусым, 2016 - 15:52 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші