Балаларын вакциналаудан бас тартқан ата-аналар оларды денсаулық құқығынан айырады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Балаларын вакциналаудан бас тартқан ата-аналар оларды денсаулық құқығынан айырады

Балаларын вакциналаудан бас тартқан ата-аналар оларды денсаулық құқығынан айырады

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой халықты иммундау мәселелеріне байланысты ҚР ДСӘДМ-де өткен брифингте мәлімдеді.

Сөз басында ол әлемдік мәліметтерге сай жұқпалы аурулар әлі күнге дейін адамдардың өліміне себепші болып келе жатқанын атап айтты. Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласы дамыған елдердің халқы өткен ғасырлардағы табиғи шешек, чума, тырысқақ, қызылша және т.б. ауруларының ошақтары арқылы пайда болған бүлдіруші эпидемиялар туралы мүлдем ұмытқан.

Дүние жүзінде вакцинация инфекциялармен күресудегі тиімді, қолжетімді, үнемді құрал екені дәлелденген.

 «Қазақстанда Ұлттық егу күнтізбесіне сай халықты 21 жұқпалы ауруларға қарсы тегін вакциналау жүргізілуде. Біздің Ұлттық егу күнтізбеміз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай - ДДСҰ) ұсынымдары мен көптеген дамыған елдердің (Австрия, Израиль, Бельгия, Германия, Түркия, Жапония) иммундау кестесіне сай. Жыл сайын Қазақстанда вакциналауға 20 млрд, теңгеге жуық қаражат бөлінеді», - деп хабарлады Алексей Цой.

Сонымен қатар, ол республикадағы имундауға негізделген барлық вакциналар ДДСҰ мен ЮНИСЕФ ұсынған және сертификатталған, брендтелген вакциналар шығаратын өндіруші-зауыттардан сатып алынатынын атап айтты. Барлық вакциналар жаппай қолдануға дейін мемлекеттік тіркеуден өтіп, емханаға дейінгі және емханалық сынақтан өтеді.

Профилактикалық егу жүргізудің алдында егілетін адам міндетті түрде дәрігердің тексеруінен өтеді. Ол хабарландырылған профилактикалық егуден бас тарту немесе келісімді жасайды.

Халықаралық мәліметтерге сәйкес, вакциналау мүгедектікке шалдығуға себепкер болмайды. ДДСҰ мәліметінше, энцефалит түріндегі қызылша вакцинасын енгізу кезінде мұндай жағдай болуы мүмкін. Ол вакциналанған 1 млн. адамға шаққанда 1 жағдай ғана тіркеледі. Ал қызылшамен сырқаттанған 100 жағдайдың 38-інде (38%) өкпенің зақымдануы басталады, 100 жағдайдың 10-да (10%) ауырған адамдар қайтыс болады.

АКДС егуінен соң (көкжөтел, дифтерия, сіреспеге қарсы кешенді вакцина) жоғарғы дене қызуы, тіпті тырыспа пайда болуы мүмкін. Бірақ бұл 200-400 мың адамға шаққанда 1 жағдай болуы мүмкін. Сіреспеден 85-100% ауырған адам, дифтериядан әрбір бесінші адам қайтыс болады.

Қызамықтың әрбір төртінші жүктіліктің бірінші триместрінде асқынуы жаңа туған нәрестелер ағзасының ауыр ауытқуларын туындатады. Еркек бедеулігінің 1/4 жағдайы эпидемиялық паротит (свинка) салдарынан туындайды.

Егу процесіне болжалды және аллергиялық реакция туындауы мүмкін. Болжалды реакция дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, өзін өзі жайсыз сезіну түрінде болады. Бұл симптомдар өздігінен жойылуы мүмкін, дегенмен, медициналық қызметкерге қаралған орынды. Жеке реакцияның пайда болуына конституциялық, генетикалық факторлар, алдыңғы ауру салдарынан туындаған ағзаның қарсы тұру мүмкіндігінің төмендеуі, тамақтану тәртібінің бұзылуы, вакцинаның әсеріне ағзаның өзіндік жоғары сезімталдығы, сонымен бірге, имуннитет тапшылығы жағдайының бірінші және екінші көрінісімен әсер етуі мүмкін.

«Қазақстанда вакцинадан салдарынан туындаған өлім-жітім, мүгедектіктің бірде бір жағдайы тіркелмегенін атап айтқым келеді. Сонымен қатар, ата-аналар вакциналаудан бас тарту нәтижесінде өз балаларының денсаулық құқығынан айыратынын білуі тиіс», - деп түйіндеді Алексей Цой.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің мәліметінше, соңғы 20 жыл ішінде халықты иммундау нәтижесінде қызылшамен сырқаттану 4000 еседен астам көрсеткішке, көкжөтелмен – 6,8 есеге, эпидемиялық паротитпен 181,6 есеге, А вирустық гепатитіне шалдығу – 146 есеге төмендеді. Егу кезеңіне дейінгі уақытпен салыстырғанда (вакциналау 1998 жылы басталды) балалар арасында «В» вирустық гепатитімен сырқаттану 482 есеге азайды. «А» вирустық гепатиті, сіреспе ауруларына шалдығу көрсеткіші төмен деңгейде сақталып тұр. Дифтерия, полиомиелит жағдайлары тіркеліп жатқан жоқ. 

 

22 сәуір, 2016 - 16:15 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші