ҚР ДСӘДМ электронды денсаулық сақтау жүйесін медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйесімен біріктіруді бастады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ электронды денсаулық сақтау жүйесін медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйесімен біріктіруді бастады

ҚР ДСӘДМ электронды денсаулық сақтау жүйесін медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйесімен біріктіруді бастады

ҚР Электронды денсаулық сақтау жүйесін дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) шараларының аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) электронды денсаулық сақтау жүйесін барлық медициналық ұйымдар ақпараттық жүйелерімен кезең-кезеңімен біріктіруді бастады.

Біржақты жүйелерді біріктіру электронды денсаулық сақтау жүйесі жаңа архитектурасының маңызды мүмкіндігі болып табылады. Ол жалпы процеске мүдделі адамдар мен түтынушылардың қатысуын қамтамасыз етіп, шарттары үлестірілген бірегей ақпараттық ортаны құруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда электронды денсаулық сақтау жүйесін жобалау жүргізілуде. Осыған байланысты Астана, Алматы қалалары, облыстық денсаулық сақтау басқармаларына медициналық ұйымдарға қойылатын базалық талаптар жіберілді. Оны жүзеге асыру қолданыстағы барлық жүйелерді (отбасылық дәрігерлік амбулатория (әрі қарай - ОДА), емханалар, стационарлар, медициналық орталықтар) электронды денсаулық сақтау жүйесіне біріктіруге мүмкіндік береді. Аталған талаптарды ҚР ДСӘДМ сайтынан табуға болады.

Базалық талаптарға интероперабельділіктің (ынтымақтастық мүмкіншілігі) халықаралық стандарттарына сай келу, жалпы анықтамалықтар мен классификаторларды қолдану, IHE интеграциялық профильдерін қолдау, сонымен қатар, заманауи технологиялар негізінде (REST, SOAP, X.509 және т.б.) өзара серіктестікті қолдау кіреді.

Электронды денсаулық сақтау жүйесіне біріктіру мүмкіндігі қарастырылмаған медициналық ұйымдар МӘМС-ке қызмет көрсетуші ретінде қатыса алмайды. Өзінің ақпараттық жүйесі және оны құру мүмкіндігі жоқ медициналық ұйымдар жеке кабинет арқылы жұмыс істеу үшін электронды денсаулық сақтау жүйесіне кіру кілтін ала алады.

Электронды денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдар ақпараттық жүйелерімен біріктірілуі МӘМС-ті енгізуге дейін 2017 жылы аяқталады. 

 

22 сәуір, 2016 - 19:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші