X
egov

You are here

Соңғы 11 жылда жұмысқа қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік жәрдемақының орташа көлемі 5 еседен астам өсті

Соңғы 11 жылда жұмысқа қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік жәрдемақының орташа көлемі 5 еседен астам өсті

2005-2015 жылдар аралығында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі қарай - МӘСҚ) жұмысқа қабілеттілігінен айырылу жағдайына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақының орташа көлемі 5,2 есеге өсіп, 10 761 теңгені құрады (2005 жылы – 2 070 теңге болған), асыраушысынан айырылу жағдайына қарай – 5,3 есеге ұлғайды (2 634 теңгеден 14 058 теңгеге дейін).

Сонымен қатар, жұмысынан айырылу жағдайына байланысты төленетін МӘСҚ жәрдемақысы 7,3 есеге өсіп, 19 200 теңгені құрады (2005 жылы 2 621 теңге болған).

2008 жылдан бастап жүктілік пен босануға байланысты, жаңа туған нәрестені (баланы) асырап алуға, 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты МӘСҚ жәрдемақылары тағайындалып келеді. 7 жылдың ішінде жүктілік пен босануға, жаңа туған нәрестені (баланы) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуға төленетін жәрдемақы 1,8 есеге (167 568 теңгеден 301 252 теңгеге дейін) өсті, 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылуға берілетін жәрдемақы – 2,2 есеге (9 557 теңгеден 20 729 теңгеге дейін) ұлғайды.

Естеріңізге сала кетейік ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында жұмысқа қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7%-ға өсті.

 

25 сәуір, 2016 - 10:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші