X
egov

You are here

Қазақстандық ҰОС ардагерлеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі

Қазақстандық ҰОС ардагерлеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып ҰОС ардагерлеріне белсенді әлеуметтік көмек шараларын көрсетіп келеді.

Мәселен, 1 сәуірдегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың басынан бері жергілікті бюджеттер қаражатынан 14,9 мың ардагерге (ҰОС қатысушыларына, мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне) 320,8 млн. теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек көрсетілді; 19 ҰОС ардагері (3 қатысушы, 1 ҰОС мүгедегі және ҰОС қатысушыларына теңестірілген 15 тұлға) баспана алды; 15 ардагердің тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді; 636 ардагер 43 млн. теңгеге шипажай-дауажайда емделуге жолдама алды; 7,7 мың ардагер 52 млн. теңгеге дәрілік заттармен қамтамасыз етілді; ҰОС 168 қатысушысы мен мүгедегіне 4,8 млн. теңгеге тіс протезі салынды; 11,4 мың ҰОС ардагеріне 18,9 млн. теңгеге қалаішілік бағыттар бойынша жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүру мүмкіндігіне ие болды; ҰОС 62 қатысушысына 67,8 мың теңгеге қала сыртына қатынайтын көліктерде және теміржол көліктерінде жеңілдікпен жол жүру мүмкіндігі берілді; 137 ардагер 1,5 млн. теңгеге отынмен қамтамасыз етілді; 2,3 мың ардагер 20,8 млн. теңгеге мерзімді басылымдарға жазылды.

10,8 мыңнан астам ардагерге 38,4 млн. теңгеге басқа да көмек түрлері (тұрмыстық техника, жүріп-тұру құралдары, міндетті гигиеналық құралдар сатып алынды, әлеуметтік такси, шаштараз, монша қызметтері, кабельді телевидение орнату) көрсетілді.

ҰОС 71 жылдық мерекесі қарсаңында ардагерлерді қолдау шаралары мен оларды құттықтау мақсатында жергілікті атқару органдары іс-шаралар жоспарын жасады. Әкімдіктердің мәліметі бойынша, ардагерлерге бір реттік материалдық көмек көрсету мақсатында жергілікті бюджеттен 2,6 млрд.теңге қарастырылған.   

Сонымен бірге, ҰОС мүгедектері шипажай-дауажайда емделуге, протездеу медициналық құралдарымен, протездік-ортопедиялық жабдықтармен қамтамасыз етуге, сурдожабдықтар мен өзге де компенсаторлық жәрдемші құралдармен, тісті протездеумен, міндетті гигиеналық заттармен, кресло-арбамен, дәрілік заттармен бірінші кезекте қамтамасыз етілетін болады.

2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда 3668 - Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, 176342 - ҰОС жылдарында тылда жұмыс істегендер; 220 - қоршауда болған Ленинград тұрғындары; 548 – кәмелетке толмаған кездерінде концлагерьлерде, гетто және басқа да мәжбүрлі орындарда болғандар; 110 – ҰОС кезіндегі әскери қызметкерлер, партизандар, астыртын жұмыс істегендер, қайтыс болғандардың (із-түссіз жоғалып кеткендер) қайта үйленбеген жұбайлары; 9386 - қайтыс болған соғыс мүгедектердің әйелдері бар.

 

29 сәуір, 2016 - 16:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші