Соңғы 11 жылда жұмысқа қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған жағдайда МӘСҚ әлеуметтік жәрдемақысын алушылар саны 50 еседен астам өсті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Соңғы 11 жылда жұмысқа қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған жағдайда МӘСҚ әлеуметтік жәрдемақысын алушылар саны 50 еседен астам өсті

Соңғы 11 жылда жұмысқа қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған жағдайда МӘСҚ әлеуметтік жәрдемақысын алушылар саны 50 еседен астам өсті

2005-2015 жылдар аралығында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі қарай - МӘСҚ) жұмысқа қабілеттілігінен айырылу жағдайына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 1 мың 302 адамнан 69 мың 951 адамға дейін ұлғайып, 53,7 есеге өсті.

Асыраушысынан айырылу жағдайына қарай жәрдемақы алатын адамдар саны 549-дан 31 135 адамға дейін 56,7 есеге өсті, жұмысынан айырылған жағдайда жәрдемақы алушылар  3258 есеге ұлғайды (8 мыңнан 26 мың 70 мадамға дейін).

2008 жылдан бастап жүктілік пен босануға байланысты, жаңа туған нәрестені (баланы) асырап алуға, 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты МӘСҚ жәрдемақылары тағайындалып келеді. 8 жылдың ішінде жүктілік пен босануға, жаңа туған нәрестені (баланы) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуға төленетін жәрдемақыны алушылар саны 1,9 есеге өсіп, 2015 жылы 173,2 адамды құрады (2005 жылы – 89,3 мың адам), 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылуға берілетін жәрдемақы алушы азаматтар саны – 2,4 есеге (83 мың 600-ден 201 мың 294 адамға дейін) ұлғайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыс істейтін тұрғындарды әлеуметтік сақтандырудың қосымша формасы ретінде енгізілген.  ҚР ДСӘДМ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік сақтандыру  жүйесіндегі әлеуметтік қатерге тап болған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы мен төлемақылар тағайындайды.

 

3 мамыр, 2016 - 09:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші