X
egov

You are here

Жыл басынан бастап Шығыс Қазақстан облысында тұратын 280-нен астам отбасы «Өрлеу» жобасының аясында әлеуметтік көмек алды

Жыл басынан бастап Шығыс Қазақстан облысында тұратын 280-нен астам отбасы «Өрлеу» жобасының аясында әлеуметтік көмек алды

2016 жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасының аясында жалпы сомасы 16,2 млн.теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен 8,9 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 7,3 млн. теңгені құрайтын шартты ақшалай көмек (ШАК) 285 отбасына (1 мың 262 адам) тағайындалды.

ШАК алушылардың ішінде 719 адам – 18 жасқа дейінгі балалар, жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандар - 351 адам, балалар күтімімен айналысатындар саны – 111 адам, жалдамалы жұмысшылар – 46, күндізгі оқу бөлімінде оқитындар - 20, мүгедектер – 15 адамды құрап отыр.

Жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 351 адам қамтылды. Бұл жұмысқа жарамды қатысушылардың 88,4%-ын құрайды. Оның ішінде 197 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушысы атанды. 109 азамат түрақты жұмыспен қамтылып, 38 адам қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталса, 7 азамат қайта даярлау және кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан өтуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдан бастап Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында аз қамтылған азаматтарға шартты ақшалай көмекті енгізуге негізделген «Өрлеу» республикалық пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Ол шартсыз атаулы әлеуметтік көмектен «өзара міндеттемелер» қағидасына (әлеуметтік келісім-шарт жүйесіне) көшуді қарастырады. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап осы тәріздес аймақтық пилоттық жобалар жергілікті бюджет есебінен қосымша 38 аудан мен қалаларда жүзеге асырылып келеді.   

2016 жылы жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлінді.

Қазақстанда 2016 жылғы 1 мамырдағы ақпаратқа сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 19,7 мың адамды құрап отыр, мемлекеттік жәрдемақы алушы балалар саны – 443,2 мың.  

 

3 мамыр, 2016 - 16:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші