Т. Дүйсенова ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Т. Дүйсенова ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Т. Дүйсенова ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Астана қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік  мекемеге барды. Ол Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады.

1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысының 71-ші Жеңісіне арналған «Ұлы Жеңіске мың тағзым!» атты салтанатты жиында сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова: «1945 жылдың 9 мамыры – еліміздің батырлық шежіресінде мәңгілікке жазылған ерекше күн. Сіздердің қайсарлықтарыңыз бен ерліктеріңіз, сондай-ақ ерен еңбектеріңіз бізге Жеңіс сыйлады. Туған жері үшін өмірін қиған батыр бабаларымыздың есімі ел есінде мәңгі сақталмақ. Соғыстан кейін де сіздер бар күш-жігерлеріңізді еліміздің қайта қалпына келуіне, одан әрі өркендеуіне арнап, ел игілігі үшін аянбай еңбек еттіңіздер. Сіздердің еңбектегі ерліктеріңіз бен батырлықтарыңыз өскелең ұрпаққа зор өнеге», - деді. 

Шараға ҚР Парламенті депутаттары, «Нұр Отан» партиясы мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты. Жиын барысында ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үшін әскер генералы С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінің 83205 әскери бөлімі әскерлерінің, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттерінің арнайы салтанатты марш-шеруі өтті.

Министр ҰОС ардагерлері  және тыл еңбеккерлерімен бірге мекеме алаңында ағаш отырғызып, мерекелік концертке қатысты.

Кездесу соңында Тамара Дүйсенова ардагерлерге денсаулықтарының зор болуын, өмір жастарының ұзақтығын тілеп, сыйлықтар табыс етті.

Қазіргі таңда Астана қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік ұйымда 304 адам – оның ішінде 4 ҰОС ардагерлері, оларға теңестірілген 16 азамат, 34 тыл еңбеккерлері бар.

Естеріңізге сала кетейік, ҰОС жеңісінің 71 жылдығына қарай жергілікті атқарушы органдар ардагерлерге көмек көрсету мен оларды марапаттау бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда. 2016 жылға арналған жергілікті бюджетте ардагерлерге берілетін бір реттік материалдық көмекке 2,6 млрд. теңге көлемінде қаржы қарастырылған.

 

6 мамыр, 2016 - 13:10 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші