X
egov

You are here

Қазақстанда Дүниежүзілік артериялық гипертония күні аталып өтуде

Қазақстанда Дүниежүзілік артериялық гипертония күні аталып өтуде

Қазақстанның барлық өңірлерінде 11-12 мамыр аралығында Дүниежүзілік артериялық гипертония күніне арналған шаралар өтуде. Жиындардың мақсаты – халықтың аталған ауруды диагностикалау, емдеу мен алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай - ДДСҰ) бағалауы бойынша әлемде ересек адамдардың 40%-ында жыл сайын тоғыз миллионнан астам өлім-жітім жағдайына себеп болатын гипертония ауруы байқалады. Уақытынан бұрын болатын өлім-жітімнің 80%-ын қауіп-қатердің мінез-құлық факторларын бақылау арқылы алдын алуға болады: темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің төмендігі, дене салмағының артық мөлшерде болуы.

Халықтың артерия гипертониясы туралы хабардарлығының аз болуы аталған сырқаттың маңыздылығын дұрыс бағаламауға, аурудың алғашқы кезеңінде, қатерлі асқынулардың алдын алуға мүмкіндік бар уақытта дәрігерлік көмекке жүгіну көрсеткішінің төмен болуына әкеледі.

Азаматтардың аталған ауру туралы хабардарлығын арттыру мен оның алдын алу үшін республика аймақтарында адамдар көп жиналатын жерлерде (азаматтарға қызмет көрсету орталықтарында, сауда үйлерінде және т.б.) қандағы глюкоза деңгейін, артериялық қан қысымы мен тамыр соғысын және дене салмағының индексін анықтау  шаралары, сонымен қатар, ақпараттық-ағарту материалдарын тарату шараларын қамтитын акциялар өтеді; алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында (әрі қарай - АМСК) кардиологтар, терапевтер мен невропатологтардың кеңес беруі арқылы ашық есік күндері өтеді.

Сонымен бірге, АМСК медициналық қызметкерлері үшін артерия гипертониясының профилактикасы мәселелері бойынша оқыту семинарлары өткізіледі. Артериялық гипертония мен қауіп-қатердің мінез-құлық факторлары мектептерінде өзін-өзі бақылау мен ағзаның жеке резервті мүмкіндіктерін өздігінен дамыту тәсілдеріне үйрету мен салауатты өмір салтын құру сабақтары өтеді.

Артериялық гипертонияға байланысты мәселелерді шешуге қоғам назарын аудару – артериялық гипертонияның асқынуынан болатын жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларын тиімді түрде алдын алуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, ДДСҰ бастамасы бойынша Дүниежүзілік артерия гипертониясы күні бүкіл әлемде мамыр айының екінші сенбісінде атап өтіледі.

 

11 мамыр, 2016 - 12:37 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші