Т. Дүйсенова АИТВ жұқпалы ауруымен сырқаттанған балалармен кездесті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Т. Дүйсенова АИТВ жұқпалы ауруымен сырқаттанған балалармен кездесті

Т. Дүйсенова АИТВ жұқпалы ауруымен сырқаттанған балалармен кездесті

8 мамыр күні ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Оңтүстік Қазақстан облысынан келген 34 АИТВ-жағымды жасөспірімдермен және аталған балаларды Астанаға әкелген «Балаларды АИТВ-дан қорғау» атты Қоғамдық қайырымдылық қорының президенті Жанетта Жазықбаевамен кездесті.

ҚР Ұлттық музейінде болған кездесу барысында Тамара Дүйсенова жасөспірімдер және қор өкілдерімен пікірлесу кезінде мемлекеттің АИТВ жұқтырған азаматтарды емдеу мен оларды әлеуметтік оңалтудың барлық шаралары қарастырылып отырғанын атап айтты.

«Біз сіздердің әрқайсысыларыңыздың өз әлеуеттеріңізді тиімді пайдаланып, армандарыңыздың орындалатынына үлкен сенім білдіреміз. Бүгінде мемлекет АИТВ жұқтырған азаматтардың толыққанды өмір сүруіне, ЖОО-да білім алып, кәсіп иесі атануына, қызмет жасап, отбасын құруына барлық мүмкіндікті жасап отыр. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдау шаралары заңнама жүзінде бекітіліп, медицина саласында жаңа технологиялар енгізілуде, қоғамдық ұйымдар белсенді түрде шақырылуда», - деді ол.  

Өз кезегінде Жанетта Жазықбаева Тамара Дүйсеноваға қор қызметі туралы әңгімелеп берді. Ал балалар аурумен күресу шаралары туралы, алға қойған мақсаттары мен армандары туралы айтып берді.

Министр барлығына есте қалар сыйлықтар табыс етті.

Тамара Дүйсеновамен болған кездесуден соң, Шымкенттен келген қонақтар астананың көрікте жерлерін тамашалады.

Естеріңізге сала кетейік, 2005-2006 жылдары Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында жасөспірімдер мен кәмелет жасына толмаған балалар емдеу шараларынан өту барысында АИТВ ауруын жұқтырған болатын. Сырқаттанған балалардың ата-аналарына қажетті психологиялық көмек көрсетілді. Барлық балалар бірегей антиретровирусты препараттармен тегін медициналық емдеу шараларын алып, әлеуметтік оңалтудан өтуде.   

 

11 мамыр, 2016 - 14:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші