X
egov

You are here

Алматыда ЕАЭО-дағы дәрілік заттар айналысының мәселелері талқыланды

Алматыда ЕАЭО-дағы дәрілік заттар айналысының мәселелері талқыланды

Бүгін Алматыда KIHE 2016 – Қазақстандық Халықаралық 23-ші денсаулық сақтау саласы көрмесінің аясында «ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысының жалпы нарығы. Қазақстан Республикасының бірыңғай дистрибуциясы жүйесін дамытудың стратегиясы» атты дөңгелек стол өтті. Шараны «СК Фармация» ЖШС мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұйымдастырды. 

Аталған шараға ҚР ДСӘДМ, «Атамекен» ҰКП, ҮЕҰ, отандық тауар өндірушілер өкілдері, шетелдік фармацевтикалық компаниялардың жетекшілері және т.б. қатысты.

Дөңгелек стол барысында «СК Фармация» ЖШС Басқарма басшысы Нұржан Әлібаев «ҚР Бірыңғай дистрибуция жүйесін дамыту стратегиясының аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жетілдіру шаралары туралы» атты тақырыпта баяндама жасады. Ол шараға қатысушыларды «СК Фармация» ЖШС-ның 2016-2019 жылдарға арналған жоспарымен таныстырды.

«Біздің қызметіміздің негізгі стратегиялық бағыттары – Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу функцияларын жетілдіру, дәрілер мен медициналық бұйымдарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету, денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара қарым-қатынасты нығайту, қызметтің тиімділігін арттыру мен ұйымның кадрлық әлеуетін күшейту болып табылады», - деп хабарлады Нұржан Әлібаев.

Сондай-ақ, ол Бірыңғай дистрибьютор ахуалдық орталығын құру – медициналық ұйымдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрілер мен медициналық бұйымдарды үздіксіз жеткізу жұмысын жетілдіру, отандық тауар өндірушілерді қолдау, бюджеттік қаржыны үнемдеу мен Бірыңғай дистрибьютордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап айтты.

Онлайн-режимде тауар қоры, қойма, транспорт жағдайы туралы мәліметтерді көруге, дәрілер мен медициналық бұйымдарды жеткізу туралы, олардың медициналық ұйымдар арасындағы қалдығы жайында ақпаратты көруге болады. Бұл – жеткізудің жоспар-кестесінің орындалуын жедел түрде бақылауға, төлем күнтізбесін орындау мен өзге де қызметтерді іске асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, шарада отандық фармацевтикалық өндірушілерді қолдау мәселелері, ҚР фармацевтикалық нысандарына инвестицияларды тарту мен Қазақстан  нарығына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жіберу жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. 

 

11 мамыр, 2016 - 15:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші