X
egov

You are here

Қазақстанда жедел медициналық көмек қызметі тегін болып қала бермек

Қазақстанда жедел медициналық көмек қызметі тегін болып қала бермек

Қазақстанда жедел медициналық көмек қызметін шақыру ақылы болатыны туралы әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бүгінгі таңда жедел медициналық көмекті шақыру қызметі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізіміне кіреді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аясында 2017 жылдан бастап аталған қызмет республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің базалық пакетіне кіреді. Бұл пакет Қазақстанның барлық азаматтары үшін қолжетімді болмақ. Оған жедел жәрдем қызметі мен саниатрлық авиация, әлеуметтік мәні бар және шұғыл жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек, профилактикалық егу жұмыстары жатады.

Осылайша, жедел медициналық көмекті шақыру қызметі ҚР азаматтарымен қатар, республика аумағындағы шетел азаматтары үшін де тегін болып қала бермек.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ қызметіне қатысты барлық шынайы ақпарат министрліктің www.enbek.gov.kz  ресми сайтында жарияланады. Министрліктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы https://www.facebook.com/pages/Министерство-здравоохранения-и-социального-развития-Республики-Казахстан/196849530492917 мекен-жайында орналасқан. 

 

11 мамыр, 2016 - 19:02 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші