Соңғы 7 жылда жалақы бойынша мерзімі өткен берешек көлемі 42,5 есеге азайды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Соңғы 7 жылда жалақы бойынша мерзімі өткен берешек көлемі 42,5 есеге азайды

Соңғы 7 жылда жалақы бойынша мерзімі өткен берешек көлемі 42,5 есеге азайды

2009 жылдан бастап республиканың кәсіпорындарында жалақы бойынша қарыздарды анықтау мен оны өндіру жөнінде мемлекеттік органдардың қабылдаған жүйелі шараларының нәтижесінде берешек көлемі 42,5 еседен астам азайды. 2009 жылы мерзімі өткен қарыздың көлемі (3 айдан аса) 4,6 млрд. теңге болса, 2016 жылғы мамыр айындағы мәлімет бойынша 108,2 млн. теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, аталған мерзімде аймақтардағы мемлекеттік еңбек инспекциясының жүргізген тексерулері нәтижесінде (106 мыңнан астам тексеріс) 435 мыңнан астам қызметкерлердің құқығы қорғалып, оларға тиесілі 46,5 млрд. теңге төлемақы қайтарылды.  

Еске сала кетейік, ҚР ДСӘДМ мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, еңбек даулары туындау тәуекелдеріне, қызметкерлердің қысқартылуы мен жұмыстан босатылуына және жалақының уақытылы төленуі бойынша тұрақты негізде бақылау жүргізеді. 

 

12 мамыр, 2016 - 11:45 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші