X
egov

You are here

Қазақстанда Еңбек кодексіне түсіндірме кітаптың тұсауы кесілді

Қазақстанда Еңбек кодексіне түсіндірме кітаптың тұсауы кесілді

Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты мен «ХҚЭДО–Қазақстан» ЖШС-мен бірлесе отырып дайындаған «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Түсіндірме-кітапты жасау жұмысына еңбек қатынастарының әртүрлі саласындағы тәжірибесі мол жетекші мамандар, ғылым докторлары мен кандидаттары, заңгерлер мен қорғаушылар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қызметкерлері, Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ҒЗИ мамандары қатысты.

Түсіндірме кітапты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты РМКК бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор, авторлық топтың жетекшісі Серікқали Бисақаев таныстырды.  

Ол аталған кітапта ҚР жаңа Еңбек кодексінің нормаларына және 2016 жылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша еңбек қатынастары, еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін өзге нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға нақты түсіндірмелер берілгенін мәлімдеді.  

«Тақырыпты талқылау үшін ұсынылатын ахуалдық тәсілдеме еңбек заңнамасының негіздерін меңгеруге, сонымен қатар, құқықтық жағдай мен нормаларды практикалық іс-әрекеттерде қолдануға мүмкіндік береді», - деп атап айтты Серікқали Бисақаев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек кодексі 2016 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Құжатта жұмыс берушілер үшін жалдау, кадрлардың орнын ауыстыру, қызметкерді жұмыстан босату, еңбек шарттары мен оның төлемақысын анықтау шаралары жеңілдетілген. Сондай-ақ, негізгі еңбек кепілдемелері мен қызметкерлердің құқықтары бекітіліп, оларды ұжымдық, жеке шарттар мен келісімдерді жасау және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құралдар арқылы ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған.

 

12 мамыр, 2016 - 15:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші