Астана медицина университетінің 800-ден астам түлегі бос орындар жәрмеңкесіне қатысады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Астана медицина университетінің 800-ден астам түлегі бос орындар жәрмеңкесіне қатысады

Астана медицина университетінің 800-ден астам түлегі бос орындар жәрмеңкесіне қатысады

Ағымдағы жылғы 13 мамырда «Астана медицина университеті» АҚ-да аймақтардағы ЖОО-на жетекшілік ететін денсаулық сақтау басқармалары өкілдерінің, аудандық, қалалық және облыстық медициналық ұйымдар басшыларының, сонымен қатар, еліміздің өзге де облыстарындағы жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Шараның мақсаты – 2015-2016 оқу жылындағы бакалавриат, интернатура және резидентураның 818 түлегін жеке-жеке жұмысқа орналастыру.

Биылғы оқу жылында университет 211 бакалаврды дайындады, оның ішінде «Мейіргерлік іс» - 14, «Медициналық-профилактикалық іс» - 27, «Қоғамдық денсаулық сақтау» - 170. Сонымен бірге, 505 интерн оқуын аяқтайды, оның ішінде «Ішкі аурулар» - 207, «Жалпы дәрігерлік практика» - 158, «Хирургия» - 76, «Стоматология» - 64. ЖОО-нын 102 бейінді маман резиденттері тәмамдауда (анестезиологтар, реаниматологтар, балалар хирургы, онкологтар, травматологтар, офтальмологтар және т.б.). 

Бүгінгі таңда университетке түскен өтінімдер бойынша жетекшілік ететін аймақтарда 1185 дәрігер жетіспейді, оның ішінде Астанада – 190 маман, Ақмола облысында – 359, Солтүстік Қазақстан облысында – 168, Қостанай облысында – 468.

Астана медициналық университеті денсаулық сақтау ұйымдарын білікті мамандармен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Мамандарды даярлаудағы басты талап – олардың қажеттілігі болып саналады.

Айта кету керек, жыл сайын университет 600-ден астам маман даярлайды, олардың 90%-дан астамы барлық мамандық бойынша жұмысқа орналасады.

Естеріңізге сала кетейік, барлық медициналық ЖОО-да жыл сайын ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерімен, медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері мен медициналық ЖОО түлектерінің қатысуымен бос орындар жәрмеңкесі өтіп тұрады. Шара нәтижесінде түлектер еліміздің аймақтарындағы медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасады, түлектер мен денсаулық сақтау ұйымдары арасында келісім-шарт жасалады. 

 

12 мамыр, 2016 - 18:10 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші