X
egov

You are here

Алматыда Қазахстан акушер-гинекологтарының IX съезі өтті

Алматыда Қазахстан акушер-гинекологтарының IX съезі өтті

Бүгін Алматыда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың, ҚР Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының, ҚР Ұлттық ғылым академиясныың, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының, медициналық қызметкерлер кәсіподағының, денсаулық сақтау басқармалары өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның акушер-гинекологтарының IX съезі өтті.

Форум жұмысына қатысқан Тамара Дүйсенова 2005-2015 жылдар аралығында жүзеге асырылған екі Мемлекеттік бағдарламалар аясында денсаулық сақтау саласын жаңғырту бойынша кең көлемді іс-шаралар жүзеге асырылғанын атап айтты. Емдеу процесінде жаңа технологиялар белсенді түрде қолданыла бастады: ауруларды ерте кезеңде анықтау бойынша ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілді; Бірегей Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жұмыс істеп келеді. Фертильді жастағы, жүкті әйелдердің, ауруы асқынған сырқат адамдардың регистрі жасалды. Қажетті көмекті тез әрі дұрыс көрсету үшін іс-әрекеттер алгоритмі мен хабарландыру кестесі қабылданды.   

Қазіргі таңда отбасын жоспарлау қызметі жұмыс істеуде. Амбулаторлық-емханалық көмек көлемі кеңейтілді, сонымен қатар, ресурс үнемдеуші технологиялар енгізілуде. Арнаулы перзентханалар мен балалар ауруханалары, перинатальды және неонатальды орталықтар құрылды; босану мен балаларға арналған ұйымдарды қайта құру жүргізілуде; халықаралық, заманауи перинатальды технологиялар енгізілуде.

 «Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соңғы он жылдағы туу коэффициенті 47%-ға өсті, яғни 2003 жылы 1000 тұрғынға шаққанда 12-ден 2013 жылғы 23,5-ке ұлғайды. Аналар өлімі бойынша ведомствоаралық сараптама тобы ана өлімін төмендету бойынша қабылданған шаралар мен жетістіктерге жоғары баға беріп, өзінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша Жаһандық баяндамасында Қазақстан 149 елдің ондығына кіргенін мәлімдеді», - деп хабарлады Министр.

Сонымен бірге, ол 2016-2019 жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында бес нозология бойынша медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісі енгізілетінін атап айтты. Оның ішінде жүктілік пен перинатология жағдайы да бар.

«Бұл жұмыс басталып кетті, оның мақсаты төмендегідей: біріншіден, медициналық көмек көрсетуді аймақтандыру ісін толықтыру. Босандыру қызметі бүгінгі таңда көмек көрсетудің бірінші кезеңі болып табылатын ауданның перзентханасынан басталмауы керек. Ол барлық қызметтің базалық деңгейі болып саналатын алғашқы медициналық-санитарлық көмектен басталуы қажет. Фертильді жастағы әйелдер мәселесіне қатысты біз уақытылы профилактикалық тексеруді, скринингті, олардың жағдайы мен жүктілікке кері әсер пайда болғанда оның алдын алуды ескере отырып сауықтыру шараларын қамтамасыз етуіміз керек. Екіншіден, арнаулы қызметтердің өзара ықпалдасуы күшейтіледі. Бұл бірінші кезекте кардиоқызметке, туберкулезге қарсы, АИТВ/ЖИТС-пен күресу және жедел жәрдем қызметіне қатысты болмақ», - деп түсіндірді Тамара Дүйсенова. 

Министр жүктілік пен перинатология кезіндегі медициналық көрмек көрсетудің біріктірілген үлгісі анестезиология мен босандыру кезіндегі жан сақтау қызметтерін жетілдіруді, акушерлік істегі шұғыл жағдайлардың интенсивті терапиясы технологияларының отандық тәжірибеге трансферттеу үшін белсенді халықаралық ынтымақтастықты; Акушерлік, гинекология мен перинатология ұлттық орталығының базасында репродуктивті денсаулықтың үздік үлгілері орталығын құруды; аса қажет мамандардың (неонатология, анестезиология және реаниматология) еңбек өтілі болған жағдайда аз мерзімді қайта даярлау курстарынан өткізу арқылы оларды қайта даярлау жүйесін өзгерту нәтижесінде кадрлық жетіспеушілікті азайтуды; стандартты ота процедуралары, медициналық көмек ұйымдарының стандарттары, диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамалары арқылы медициналық қызметтерді стандарттауды қарастыратынын атап айтты.

Съезд барасында Тамра Дүйсенова ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атынан медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбегі сіңген ғылым қайраткері, Бейбітшілік пен рухани келісім Президенттік премиясының лауреаты, Акушерлік, гинекология және перинатология Ғылыми орталығының бірінші басшысы Нина Каюповаға Алғыс хат тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы акушерлік-гинекологиялық қызмет 30 перзентханада, 19 перинатальді орталықта, 375 облыстық, қалалық, аудандық орталық ауруханаларда, 759 емхана жанындағы әйелдер консультациясы мен кабинеттерінде жұмыс істейді. Елімізде 4 мыңнан астам акушер-гинекологтар бар. 

 

9 маусым, 2016 - 17:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші