ҚР ДСӘДМ-де ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Отаным – алтын бесігім» байқауы өтті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ-де ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Отаным – алтын бесігім» байқауы өтті

ҚР ДСӘДМ-де ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Отаным – алтын бесігім» байқауы өтті

Бүгін ҚР Денсакулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде мемлекеттік қызметкерлер арасында ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Отаным – алтын бесігім» атты байқау өтті.

Шараның мақсаты – мемлекеттік органда тіл саясатын жүзеге асыру, Қазақстанның бірлігін мен ынтымағын паш ету, қазақ тілін іс-қағаздар жүргізу ісі мен күнделікті өмірде қолдану аясын кеңейту болып табылады.

Байқауға қатысу үшін орталық аппарат қызметкерлері арасынан екі топ құрылды. Қатысушылар еліміздің тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрі бойынша білімдерін ортаға салды.

Әділ қазылар алқасының төрайымы ҚР ДСӘДМ Жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева шараны қорытындылай келе, Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен экономиканы жан-жақты дамытып, әлеуметтік саланы нығайтумен қатар, демократиялық өзгерістерді сәтті жүзеге асырып келе жатқанын атап айтты.

 «Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы – көпұлтты Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі! Біз болашаққа зор сеніммен қараймыз. Республиканың әрбір тұрғыны ел азаматы екенін мақтан тұтады», - деді Аида Құрманғалиева.

Байқау нәтижесі бойынша жеңіске жеткен топ бағалы сыйлықтармен, екінші топ – ынталандыру сыйларымен марапатталды. 

13 мамыр, 2016 - 18:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші