5 жылда ТҒӨО Тіндік типтеу зертханасында ағзаларды транспланттау үшін донорлар мен реципиенттердің сәйкестігі бойынша 536 зерттеу жүргізілді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

5 жылда ТҒӨО Тіндік типтеу зертханасында ағзаларды транспланттау үшін донорлар мен реципиенттердің сәйкестігі бойынша 536 зерттеу жүргізілді

5 жылда ТҒӨО Тіндік типтеу зертханасында ағзаларды транспланттау үшін донорлар мен реципиенттердің сәйкестігі бойынша 536 зерттеу жүргізілді

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында 2011 жылы құрылған Тіндік типтеу зертханасында донор мен рецепиенттің үйлесімділігін анықтау бойынша 536 зерттеу жүргізілді. Бұл 383 ағзаны ауыстырып отырғызу бойынша ота мен 153 сүйек кемігін ауыстырып отырғызу оталарын сәтті жасауға мүмкіндік берді. Транспланттауды күтіп жүрген пациенттер базасы мен гемопоэздік дің жасушалары донорларының тізімі жасалды.

Аталған зертханада өткізілетін транспланттаулар аясында сезімталдық (үйлесімділік) деңгейін анықтау үшін донорлар мен реципиенттерді типтеу бойынша барлық зерттеу кешені жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда гемопоэздік дің жасушалары донорларының тізіміне 3,5 мыңнан астам типтелген донорлар енгізілді.

Сонымен қатар, 2015 жылы Алматы қаласындағы Республикалық қан орталығында республиканың оңтүстік аймақтары мен еліміздің ірі қалаларында ағзалардың транспланттауын зертханалық сүйемелдеу мақсатында иммунологиялық типтеу зертханасы құрылды, 2015 жылы алматылық емханаларда барлығы 118 трансплантация, оның ішінде мәйіттік донорлардан 18 ота жасалды. 

17 мамыр, 2016 - 17:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші