Соңғы 8 жылда Қазақстандағы өндірістік жарақаттану көрсеткіші 30%-ға жуық төмендеді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Соңғы 8 жылда Қазақстандағы өндірістік жарақаттану көрсеткіші 30%-ға жуық төмендеді

Соңғы 8 жылда Қазақстандағы өндірістік жарақаттану көрсеткіші 30%-ға жуық төмендеді

Қазақстанда 2008-2015 жылдар аралығында өндірістік жарақаттану көрсеткіші 29,5%-ға төмендеді. 2008 жылы өндіріс орындарында 2 мың 444 адам жарақат алса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 1 мың 723 адамды құрады. 

2005-2015 жылдар аралығындағы өндірістік жарақаттан қайтыс болған қазақстандықтардың саны 2008 жылғы 404 адамнан 2015 жылы 251 адамға, яғни  38,1 %-ға азайды.

Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі саласында атқарған іс-шаралары нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еліміздің өндіріс орындарында еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігін басқарудың заманауи жүйесін құруға бағытталған жаңа Еңбек кодексі әзірленіп, күшіне енді. Еңбек кодексінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде бірігіп іс-шаралар атқару үшін  жұмыс беруші мен жұмысшы тараптары өкілдерін біріктіруге негізделген өндірістік кеңесті құру көзделген.

 

17 мамыр, 2016 - 15:24 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші