Қазақстанда босандыру мен балалық шақ қызметтерінің біріктірілген үлгісі сәби өлімін төмендетуге мүмкіндік береді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда босандыру мен балалық шақ қызметтерінің біріктірілген үлгісі сәби өлімін төмендетуге мүмкіндік береді

Қазақстанда босандыру мен балалық шақ қызметтерінің біріктірілген үлгісі сәби өлімін төмендетуге мүмкіндік береді

Бұл туралы бүгін «Босандыру мен балалық шақ қызметтерінің біріктірілген үлгісін енгізу шаралары, миокардтың жіті инфаркті мен онкологиялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсету» тақырыбында өткен брифингте ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының директоры (әрі қарай – СӨС орталығы) Жәмила Баттақова.

Ол өз сөзінде Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып негізгі әлеуметтік мәні бар, жұқпалы емес аурулар мен елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар аурулар: миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру бойынша медициналық көмек көрсетудің  біріктірілген үлгісін құру болып табылатынын айтты.  

«Медициналық көмек көрсетудің біріктілірген үлгісінің аясында қызметтің барлық түрлері көрсетілетін болады: профилактика, емдеу шаралары, оның ішінде оңалту, диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік қызметтер. Әрбір блок бойынша жол карталары жасалып, Үйлестіру кеңесі бекітілді, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің (әрі қарай - МСАК) үйлестіру шаралары негізінде денсаулық сақтау саласының барлық деңгейінде қызметтің сапасын, толыққандылығын, сабақтастылығын қамтамасыз ететін біріктірілген медициналық көмек көрсетудің стандарттары жасалуда», - деп хабарлады Жәмила Баттақова.

Республикалық емханалар, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының бақылау саласындағы, әрқайсысының өз бағыты бойынша медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейінде оның тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етудегі ролі мен жауапкершілігі күшейтілді.

«Күрделі технологиялық құрылымдар мен жоғары білікті мамандарды талап ететін қызметтер ауданаралық, аймақтық және республикалық деңгейде орталықтандырылатын болады. Күрделі технологиялық құрылымдарды талап етпейтін қызметтер тұрғылықты мекен-жай бойынша медициналық ұйымда көрсетілетін болады. Осылайша, қызмет көрсетудің сапасын арттыру, күту уақытын төмендету, диагностика мен емдеу шараларының негізделмеген әдістерін қолданбау мақсатында пациенттер қозғалысының маршруттау тетіктері енгізілді», - деп мәлімдеді СӨС орталығының директоры.  

Сонымен қатар, республикадағы медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісі отбасын жоспарлау, босану мен кәрілікке дейінгі өмірдің барлық кезеңінде отбасын бақылауды қамтамасыз етеді.

«Мәселен, Босандыру қызметі ауданның перзентханасынан емес, МСАК ұйымдарынан басталуы қажет. Мұндағы мәселе – отбасын жоспарлау, ата-ананың жауапкершілігі. Фертильді жастағы әйелдер мәселесіне қатысты біз уақытылы скринингтік тексеруді қамтамасыз етіп, олардың жағдайына қарай сауықтыруды бастауымыз керек. Балаларды вакциналауды, жұмыс істеуші тұрғындардың денсаулығын нығайту үшін профилактикалық тексерулерді қамтамасыз ету қажет. Бұл – жұмысқа орналасу кезіндегі алдын-ала профилактикалық тексеру, міндетті кезеңдік, скринингтік және диспансерлік профилактикалық тексерулер шаралары. Профилактикалық медициналық тексерулер созылмалы ауруларды анықтау шараларын 10-15%-ға ұлғайтып, нәтижесінде уақытша жұмысқа жарамсыздықтың орташа мерзімін 30%-ға төмендетеді. Мұндай әдіс ана мен сәби өлімін төмендетуді қамтамасыз етіп, ауруды ерте кезеңде және тұрғындардың денсаулығын анықтау сапасын арттырады», - деп атап айтты Жәмила Баттақова.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде ана (1,8 есеге) мен сәби (1,8 есеге) өлімінің көрсеткіші төмендеді, туберкулезбен сырқаттану (1,6 есеге) азайды, негізгі әлеуметтік мәні бар аурулардан: қан айналым жүйесі ауруларынан (2 есеге), қатерлі ісіктерден (15%-ға), жарақаттану мен уланудан (на 21%) болатын өлім-жітім төмендеді. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші де (жоспар бойынша – 7,62, шын мәнінде 1000 тұрғынға шаққанда 7,52) азайды.

19 мамыр, 2016 - 11:50 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші