Алматыда мигранттар арасындағы туберкулездің таралуымен күресу мәселелері талқыланды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Алматыда мигранттар арасындағы туберкулездің таралуымен күресу мәселелері талқыланды

Алматыда мигранттар арасындағы туберкулездің таралуымен күресу мәселелері талқыланды

20 мамырда Алматы қаласында мигранттар арасындағы туберкулезді бақылау жұмыс тобының бесінші кездесуі өтті. Шараға денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері, ҚР ҰҚК Шекаралық қызмет, ҚР ДСӘДМ Туберкулез проблемаларының ұлттық орталығының, Халықаралық көші-қонды ұйымдастыру ұйымы, Project HOPE үкіметтік емес ұйымының өкілдері және т.б. қатысты.

Жиын барысында 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезді бақылау бойынша кешендік жоспарының аясындағы шаралар талқыланып, 2016 жылға арналған Орта Азия елдеріндегі мигранттар арасында туберкулезді трансшекаралық бақылау бойынша еларалық екіжақты келісім жобасы ұсынылды.  

ҚР ДСӘДМ Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының басшылығы қатысушыларды ағымдағы жылдың ақпан айында өткен жұмыс тобы кездесуі қарарының орындалуы туралы мәлімдеді. Көші-қон бойынша халықаралық ұйым өкілдері шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша ұлттық заңнамадағы өзгерістер туралы хабарлады. Project HOPE туберкулез бен миграция бойынша 120 терминнен тұратын глоссарий ұсынды. Ол шара барысында толықтырылды.

Жиын қорытындысы бойынша қарар қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропалық Аймақтағы (2012 ж. Вольфхезедегі бәтуаластық мәлімдемесі) туберкулезді трансшекаралық бақылау мен емдеудің ең төменгі пакетіне сәйкес Қазақстанда мигранттар, туберкулезбен сырқаттанған адамдарға туберкулезге қарсы көмек бойынша шаралар жүзеге асырылады. Бұл – мигранттар арасындағы туберкулез бен оның көптеген әрі кең көлемді дәрілерге тұрақтылығы бар түрін диагностикалаудың сапасы мен қолжетімділігін арттыру және т.б. болып табылады. 

21 мамыр, 2016 - 11:11 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші