Алматыда денсаулығының менталдық кемістігі бар азаматтардың әлеуметтік интеграциясы мен оларға көрсетілетін баламалы қызметтердің дамуы талқыланды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Алматыда денсаулығының менталдық кемістігі бар азаматтардың әлеуметтік интеграциясы мен оларға көрсетілетін баламалы қызметтердің дамуы талқыланды

Алматыда денсаулығының менталдық кемістігі бар азаматтардың әлеуметтік интеграциясы мен оларға көрсетілетін баламалы қызметтердің дамуы талқыланды

Бүгін Алматыда «Қазақстан Республикасындағы менталдық кемістігі бар азаматтардың әлеуметтік интеграциясы мен оларға көрсетілетін баламалы қызметтерді дамытудың перспективалары» атты дөңгелек стол өтті. Шараны «Аман-саулық» Қоғамдық қоры Сорос Қазақстан Қорының қаржыландыруымен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) бірлесе отырып ұйымдастырды.  

Шараға ҚР ДСӘДМ, жергілікті атқарушы орган өкілдері, медициналық ЖОО мен колледждерінің, халықаралық ұйымдар мен қорлардың, әлеуметтік-медициналық ҰЕҰ өкілдері және ментальді кемістігі бар азаматтардың туыстары қатысты.

Дүние жүзінде менталдық кемістігі бар адамдардың әлеуметтік интеграциясы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Психикасы бұзылған адамдарды кемсіту мен олардың стигматизациясы – психикалық денсаулықты қорғау саласындағы маңызды мәселелердің бірі. Онымен күресу шаралары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік психиатриялық қауымдастық қызметтерінің басым бағыттарының бірі болып саналады.

Отырыс барысында «Аман-саулық» ҚҚ президенті Бахыт Түменова өткен жылы  Қазақстанның бес аймағында менталдық кемістігі бар азаматтардың әлеуметтік интеграциясы мәселелері бойынша тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында қоғамдық тыңдаулар өткізілгенін еске салды. Сонымен қатар, психикалық ауытқушылықтары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік ұйымдар аясында әлеуметтік көмектің қолданыстағы тетіктерінің тиімділігін анықтау мақсатында сараптама жасалды, мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және көмек көрсетудің баламалы тәсілдерін дамытуға бағытталған ұсынымдар дайындалды.

«Аймақтардағы қоғамдық тыңдаулардың сараптамасы денсаулығының психикалық кемістігі бар азаматтардың құқықтары туралы пациенттер мен олардың туыстары, жалпы тұрғындар хабардарлығының төмендігін дәлелдеді», - деп атап айтты Бахыт Түменова.

Дөңгелек стол аясында әлеуметтік ҮЕҰ-ның бәсекеге қабілеттілігі мен олардың қызметтерін тұтынушылар арасындағы сұранысы, ҮЕҰ мәліметтерінің халықаралық стандарттарға сай болуы мен олардың қаржыландыруы және т.б. талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылдан  бастап Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді (әрі қарай - АӘҚ) дайындау мен енгізу жұмыстары басталды. АӘҚ ұсынатын ұйымдар желісін дамыту – маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Аталған мерзім ішінде олардың саны 35%-ға ұлғайып, 2008 жылы 592 ұйымнан 2015 жылы 797 ұйымға дейін артты.әлеуметтік қызметтер ұсынатын әлеуметтік ҮЕҰ-ды қолдау мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және халықаралық гранттар арқылы жүзеге асырылады.

30 мамыр, 2016 - 12:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші