ҚР ДСӘДМ Тахмина Әбішованың шетелде емделуге жіберу мәселесін қарастыруда | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ Тахмина Әбішованың шетелде емделуге жіберу мәселесін қарастыруда

ҚР ДСӘДМ Тахмина Әбішованың шетелде емделуге жіберу мәселесін қарастыруда

Қазіргі таңда ҚР азаматтарын шетелде емделуге жіберу мәселелерін қарастыратын жұмыс органы («Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ) 29.09.2013 жылы туған диагнозы «Туабіткен лимфобласты лейкоз» деп анықталған Тахмина Әбішованы емдеу туралы шетелдік емханалардың өкілдерімен белсенді келіссөздер жүргізуде.

Ағымдағы жылғы 29 наурызда аталған пациентті шетелде ем алуға бағыттау туралы өтініш жұмыс органына Павлодар облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасынан келіп түсті.

Сол күні ҚР ДСӘДМ-нің штаттан тыс бас онколог/гематологы Риза Боранбаева «Пациент туыс емес донордан гемопоэздік дің жасушаларын аллогендік транспланттау шарасын өткізу мақсатында шетелде ем алуға мұқтаж» деген тұжырымдама берді.

2016 жылғы 22 сәуірде ҚР ДСӘДМ ҚР азаматтарын шетелдік медициналық ұйымдарға емдеуге жіберу мәселелері бойынша комиссиясы Тахмина Әбішованы «Аджибадем» (Стамбул қ., Түркия) медициналық орталығында ем алуға жіберу туралы шешім қабылдады.

Дегенмен, аталған уақытта пациентте лейкоздың тұрақты ремиссиясы байқалмады. Ағымдағы жылғы 29 сәуірдегі Тахмина Әбішоваға «Шаритэ» (Германия) Университеттік медициналық кешеннің профессоры Гюнтер Хенценің және ағымдағы жылғы 3 мамырдағы ҚР ДСӘДМ-нің штаттан тыс бас онколог/гематологы Риза Боранбаеваның қайтадан берген тұжырымдарының негізінде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында (әрі қарай - АБҰҒО) әрі қарай химиотерапияны жалғастыру туралы ұсыныс жасалды. Мұнда пациент 29 наурыздан бастап ем алған болатын.

Қабылданған химиотерапия курстарының нәтижесінде аурудың ремиссиясы анықталды. Ағымдағы жылғы 23 мамырда Тахмина Әбішова АБҰҒО-дан шықты. АБҰҒО мамандары негізгі аурудың ремиссиясы басталғанын айтып, сырқаттанған қыздың жағдайы тұрақты ауыр деп бағалап отыр.  

Ағымдағы жылғы 26 мамырда штаттан тыс бам онколог/гематолог Риза Боранбаева «Пациент туыс емес донордан гемопоэздік дің жасушаларын аллогендік транспланттау шарасын өткізу мақсатында шетелде ем алуға мұқтаж»  деген тұжырымдама берді.

30 мамырда «Аджибадем» (Стамбул қ., Түркия) медициналық орталығы аталған пациентті емдеу үшін Жұмыс органымен бекітілген келісімнің шарттарын алдында келісілген 50%-дық алдын-ала төлемнің орнына 70% қаражатты аванстық төлем түрінде қабылдауды өтініп, бір жақты түрде өзгертуге шешім қабылдаған. Осыған байланысты қазіргі таңда Жұмыс органы өзге шетелдік емхана өкілдерімен белсенді түрде келіссөздер жүргізуде. Жұмыс органы Тахмина Әбішованы «Медикал парк» (Түркия) медициналық орталығы емдеуге қабылдауға дайын екенін хабарлап отыр.

31 мамыр, 2016 - 10:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші