Аймақтардағы мамандар ҚР ДСӘДМ-де денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларының негізгі бағыттары бойынша білім алды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Аймақтардағы мамандар ҚР ДСӘДМ-де денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларының негізгі бағыттары бойынша білім алды

Аймақтардағы мамандар ҚР ДСӘДМ-де денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларының негізгі бағыттары бойынша білім алды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде ҚР ДСӘДМ аймақтық комитеттерінің, өңірлердегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының және ведомствоға бағынысты ұйымдардың өкілдері үшін денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша оқыту семинарлары өтті.

Семинар қатысушыларына халық арасында әлеуметтік көмек, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту және денсаулық сақтау салалары заңнамалардағы негізгі өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу бойынша ұсынымдар берілді.

Тыңдаушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа үлгісіне көшу мен зейнетақы жүйесін жаңғырту, жаңа экономикалық жағдайда жұмыспен қамту саясаты, сонымен бірге, ҚР-дағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау мен олардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша заңнаманы жетілдіру мәселелері турасында толық ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар, семинар қатысушыларына ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, гендер бойынша сарапшы, психолог Гульзи Нәбидің қатысуымен шешендік өнер бойынша шеберлік сынып өткізілді.

1 маусым, 2016 - 10:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші