Қазақстанда Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу аурулардың асқынуы мен өлім-жітімді 10%-ға төмендетуге мүмкіндік береді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу аурулардың асқынуы мен өлім-жітімді 10%-ға төмендетуге мүмкіндік береді

Қазақстанда Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу аурулардың асқынуы мен өлім-жітімді 10%-ға төмендетуге мүмкіндік береді

Бұл туралы ҚР ДСӘДМ-де Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу (әрі қарай - АББ) тақырыбында өткен брифингте Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының м.а. Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

Ол сөз басында әлемдік статистикаға сәйкес созылмалы жұқпалы аурулар дүние жүзі түрғындарының денсаулығына, оның ішінде Қазақстан азаматтарына да зор қауіп туындататынын атап айтты. Олар уақытынан бұрын болатын өлім-жітімге себеп болып, мүгедектікке, толыққанды өмір сүру ұзақтығына айтарлықтай әсер етеді.

Аталған қауіп-қатерлерді төмендету үшін әлемнің 30-дан астам елдерінде медициналық көмек көрсетудің профилактикалық және жүйелі тәртібіне негізделген АББ енгізілуде.

Қазақстанда АББ 2013 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы 7 емханада үш нозология бойынша жүзеге асырылуда: артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті.

АББ-ның 1213 қатысушыларымен келісім жасалып, пациенттер жүргізетін өзін өзі бақылау күнделіктері берілді. Келісімге сәйкес, медициналық ұйымдар АББ қатысушысы-пациентпен үнемі байланыста бола отырып, пациентке динамикалық бақылау жасайтын мультидисциплинарлық командаларды құрады.

Емханалар жанында пациенттерді өзіне өзі көмек көрсету қағидаларына, өз денсаулығына дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрететін, салауатты өмір салты мен өздігінен білім алу бойынша ақпараттық материалдармен қамтамасыз ететін денсаулық мектептері жұмыс істейді.

Ақпараттандырылған пациент өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізеді, денсаулығына әсер ететін факторларды бақылайды, сонымен бірге, пациенттің мінез-құлқы өзгеріп, өз денсаулығы үшін жауапкершілігі арта түседі.

Осылайша, бағдарлама пациенттермен қатар медициналық қызметкерлерге өз ауруларын басқаруға, оның асқынуына жол бермеуге мүмкіндік туғызады. 

Пилоттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде пациенттердің 75%-ында артериалдық гипертензия деңгейінің көрсеткіші тұрақталып, артериалдық қысымды бақылау және гипотензивті препараттарды тұрақты тұрде қабылдау машықтарының қалыптасуы байқалды. Созылмалы жүрек кемістігі бар пациенттерді ауруханаға жатқызу жағдайы 2 есеге азайды.  Қант диабетін анықтауға тексерілген адамдар саны ұлғайды (СҚО - 64%, Павлодар облысында -  98%-ға дейін). АББ-ның барлық қатысушыларын өзін өзі басқаруға оқыту 100%-ға қамтылғанын атап айту қажет. 

Пилоттық аймақтардағы АББ-ны енгізудің тиімді тәжірибесін ескере отырып, АББ-ны жүзеге асыру биылғы жылы Астана, Алматы қалаларының, БҚО, Қарағанды, Қостанай облыстарының емханаларында жүзеге асырылатын болады

 «Жалпы алғанда, 3200-ден астам адамды қамту жоспарланып отыр. Бағдарламаны енгізу нәтижесінде аурулардың асқынуы мен өлім-жітім көрсеткішін 10%-ға төмендету, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарындағы жүктемені азайту, стационарлық және жедел медициналық көмекке зәрулікті төмендету күтіледі», - деп хабарлады Тілеухан Әбілдаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі – созылмалы аурумен сырқаттанған пациенттердің өмір сүру жасы мен сапасын арттыру үшін алғашқы медициналық санитариялық көмекті басымдықпен дамыту және жетілдіру компоненті ретінде Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу болып табылады.

2 маусым, 2016 - 12:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші