Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында індетті паротитпен сырқаттану 435 еседен астам азайды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында індетті паротитпен сырқаттану 435 еседен астам азайды

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында індетті паротитпен сырқаттану 435 еседен астам азайды

Халықты кең көлемді вакцинациялау нәтижесінде соңғы 25 жылда Қазақстанда індетті паротитпен сырқаттану деңгейі 435,9 есеге азайды. 1991 жылы індетті паротиттің 10898 жағдайы тіркеліп, аталған көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 68,84-ті құрады.  2015 жылы 25 жағдай тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда -0,14 болды

2015 жылдың 11 айында Қазақстанда індетті паротитпен сырқаттанудың көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда 23 жағдай тіркелді (2014 жылдың 11 айында 100 мың тұрғынға шаққанда 36 жағдай).

Қазақстанда халықты жоспарлы түрде індетті паротитке қарсы иммунизациялау қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы біріктірілген вакцинациялау арқылы жүргізіліп келеді. Бұл ҚР Профилактикалық егу ұлттық күнтізбесіне кіреді.

Індетті паротитті халық арасында «свинка» деп атайды. Ауру ауа-тамшылы жұқпа жолмен сыртқы ортадағы тұрақсыз вирус арқылы туындайды. Сонымен қатар, зақымдану күнделікті тұрмыс бүйымдары, ойыншықтар, жұқпалы ауруға шалдыққан адамның сілекейі арқылы да болуы мүмкін. Аурудың қажалып кеткен түрлері де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда ауруға шалдыққан адамдар жанындағыларға зор қауіп төндіреді. Ауруға 3 пен 15 жас аралығындағы балалар, сондай-ақ ересектердің де шалдығуы мүмкін.

Ауру әдетте өте ауыр жағдайда басталады. Сырқаттанған адамның жалпы жағдайы нашарлап, тәбеті төмендейді, басы ауырып, қалшылдай бастайды.  Балалар ауыздарын ашқанда, шайнағанда ауыру сезілетіндігіне, ауыз қуысындағы құрғақтықтың пайда болуына шағымданады. Құлақ жанындағы сілекей бездері, сонымен қатар, жақ асты және тіл асты бездері жиі зақымданады. Дененің қызуы 5-7 күн бойы сақталады.

Індеттік паротитпен зақымданудың қатты асқынуға ұласуы жиі кездеседі. Оған ағза бездерінің зақымдануы (қалқанша, ұйқы, жыныс т.б. бездер), жүйке жүйесінің аурулары (менингит, энцефалит) және т.б. жатады. Аурудың салдарынан диабет, семіздік, ер адамдардың бедеулігі мен аталық безінің атрофиясы, әйелдердің бедеулігі мен етеккір циклінің бұзылуы, аналық бездерінің атрофиясы орын алуы мүмкін.         

Балалар арасында аурудың алдын алудың бірден-бір тәсілі вакцинация болып табылады. Қазіргі таңда құрамында қызамық, қызылша, індетті паротиттің жеңілдетілген вирустары бар «бір түтікшедегі» біріктірілген вакцина жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Вакциналаудан бас тарту – індетке бейім адамдардың санын арттырып, ауру ошағының пайда болуына себепкер болуы мүмкін.

3 маусым, 2016 - 10:13 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші