X
egov

You are here

Астанада ана мен сәби өлімінің көрсеткішін төмендету мәселелері талқыланды

Астанада ана мен сәби өлімінің көрсеткішін төмендету мәселелері талқыланды

Ағымдағы жылғы 2 маусымда Астанада №9 қалалық емханада ЮНИСЕФ-пен ҚР ДСӘДМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің бірлескен шаралары аясында ана мен сәби өлімінің көрсеткішін төмендету бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (әрі қарай - ДДСҰ) ұсынған тиімді технологияларды енгізу туралы отырыс өтті.  

Шараға Астана, Алматы қалалары, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшыларының босандыру мен балалар мәселелері бойынша орынбасарлары, тиімді перинаталды және антенаталды күтім, бала жасындағы ауруларды біріктіріп жүргізу  бойынша аймақтық үйлестірушілер қатысты.

Жиында аналар мен балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, ауруларға үй жағдайында медициналық қызмет көрсету қызметі мен ана мен сәби өлімін төмендету бойынша ведомствоаралық өзара әрекеттесу шараларын жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Жиынды қорытындылай келе, ҚР ДСӘДМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Эльмира Ахметова Астана, Алматы қалалары, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшыларының босандыру мен балалар мәселелері бойынша орынбасарлары, тиімді перинаталды және антенаталды күтім, бала жасындағы ауруларды біріктіріп жүргізу бойынша аймақтық үйлестірушілерге республикадағы ана мен сәби өлімі жағдайын тұрақтандыру үшін ДДСҰ ұсынған тиімді технологияларды енгізу бойынша шараларды қабылдау керектігін атап айтты.

3 маусым, 2016 - 12:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші