ҚР ДСӘДМ-де еліміздің Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты жиын өтті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ-де еліміздің Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты жиын өтті

ҚР ДСӘДМ-де еліміздің Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы авторларының бірі Жандарбек Мәлібековтың қатысуымен Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Шараның мақсаты – азаматтық жауапкершілік пен отаншылдыққа тәрбиелеу, Отанға деген махаббатты, ҚР мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру, сонымен қатар, оның мәні мен маңыздылығын түсіндіру болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, оған зор көңіл бөлетін елдің даму әлеуеті өте жоғары болатынын, сонымен қатар, оның отаншылдық пен ел бірлігіне сүйене отырып, маңызды стратегиялық міндеттерге қол жеткізетінін  атап айтты.

«Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарайтын адам өз елінің тарихына, мемлекетіміздің қазіргі жағдайы мен болашағына осындай сезіммен қарайды. Әрбір қазақстандық елтаңба мен жалаудың жанынан мақтанышпен өткен жағдайда ғана қазақстандық патриотизмнің шынайылығы туралы айтуға болады», - деді Аида Құрманғалиева.

Жандарбек Мәлібеков қатысушыларға елтаңбаны жасаудың тарихын әңгімелеп, оның композициялық құрылымының мәнін толыққанды түсіндіріп берді.   

«Тәуелсіздік – Қазақстан халқының ең басты жетістігі. Бүгінде біз егеменді елміз. Басты мақсатымыз – бейбітшілік пен келісімді сақтап, туған тіліміз бен дәстүрлерімізді дамыту», - деді ол ҚР ДСӘДМ ұжымына арналған сөзінде.

Жиын соңында Аида Құрманғалиева елтаңба авторына салтанатты жиынға қатысқаны үшін және Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бірін жасау барысындағы қызықты жағдайларды баяндағанына ұжым атынан үлкен алғыс білдірді.

8 маусым, 2016 - 09:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші