Астанада Орталық Азия елдерінің радиологтарын ауруларды диагностикалаудың халықаралық стандарттарына оқытуда | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Астанада Орталық Азия елдерінің радиологтарын ауруларды диагностикалаудың халықаралық стандарттарына оқытуда

Астанада Орталық Азия елдерінің радиологтарын ауруларды диагностикалаудың халықаралық стандарттарына оқытуда

Бүгін Астанада Радиологтардың еуропалық қауымдастығының бастамасымен ұйымдастырылған «ESOR Astana Tutorial» атты Радиологтардың ІІІ еуропалық мектебі өз жұмысын бастады.

Радиологтар еуропалық мектебінің мақсаты – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан елдері жас радиологтарын әлеуметтік мәне бар ауруларды (жүрек пен қантамырлар патологиясы, өкпе туберкулезі, қимыл-тірек аппараты және сүт безінің қатерлі ісігі) радиологиялық диагностикалау халықаралық стандарттары және радиациялық қауіпсіздік бойынша білім беру болып табылады.

Екі апта ішінде «ESOR Astana Tutorial 2015» қатысушылары радиология саласындағы Греция, Бельгия, Швейцария, Ресей және Қазақстанның белгілі мамандарының дәрістерін тыңдайтын болады. Дәріс берушілердің қатарында Радиологтардың еуропалық мектебінің директоры, профессор Николас Гоуртсояннис, Ресей радиологтары қауымдастығының президенті, профессор Валентин Синицин, Қазақстан радиологтары қауымдастығының президенті, профессор Раушан Рақымжанова және т.б. бар.

«ESOR Asatana Tutorial» радиологтардың III еуропалық мектебі Орта Азия елдеріндегі диагностикалау қызметінің дамуына ықпал ететін болады.

Шара 17 маусымға дейін жалғасады.

8 маусым, 2016 - 09:38 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші