Қазақстанда Денсаулық фестивалі басталды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда Денсаулық фестивалі басталды

Қазақстанда Денсаулық фестивалі басталды

Бүгін Қазақстанда Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауымен «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты ұранмен Денсаулық фестивалі басталды. Шараның мақсаты – физикалық белсенділікті арттыру және дұрыс тамақтану талаптарын сақтай отырып, жаман қылықтардан арылу, сонымен бірге денсаулық сақтау әдеттерін қалыптастыру арқылы қоғам назарын денсаулықты сақтау мен оны қорғаудың ортақ жауапкершілігіне аудару.

Денсаулық фестивалінің аясында алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында ашық есік күндері өтеді: адамдар көп шоғырланған жерлерде салауатты өмір салтының әртүрлі бағыттары бойынша терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, эндокринологтар, пульмонологтардың тегін консультациясы көрсетілетін «денсаулық қалашығы» құрылады; жастар мен жасөспірімдер арасында «Біз денсаулығымызды бағалаймыз!» атты тақырыпта түрлі байқаулар мен флешмобтар, спорттық іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр.

Денсаулық фестивалі аясында өткізілетін шаралар иммунитеттің тұрақты болуына, жұқпалы, жүрек-қантамырлары ауруларының, тұмаумен сырқаттану қатерлерін азайтуға, өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға, жалпы өзін-өзі жақсы сезінуге ықпал етеді.

Денсаулық фестивалі 11 маусым күні Астана уақытымен сағат 11:00-де республика тұрғындарының қатысуымен бір сәттік «Денсаулық марафоны» шарасымен аяқталмақ.

8 маусым, 2016 - 09:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші