Ақтөбе қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен азаматтарға қажетті барлық медициналық көмек көрсетілуде | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Ақтөбе қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен азаматтарға қажетті барлық медициналық көмек көрсетілуде

Ақтөбе қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен азаматтарға қажетті барлық медициналық көмек көрсетілуде

5 маусымда экстремистік топтың Ақтөбе қаласындағы «Паллада» және «Пантера» қару-жарақ дүкеніне, сонымен қатар ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының №6655 бөліміне жасаған шабуылы нәтижесінде зардап шеккен адамдар барлық қажетті жедел әрі дәрілік ем қабылдауда.

Ауыр жарақаттанған адамдарға 5 маусым күні Астана қаласынан Ақтөбеге құрамында дәрігер-реаниматолог, тамырлар хирургы, нейрохирург, таракалды хирург, жалпы хирург және травматолог дәрігерлері бар Республикалық санитарлық авиация орталығының бригадасы барды. Астаналық мамандар ота жасауға көмектесіп, пациенттерді әрі қарай емдеу бойынша кеңес берді.

Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2016 жылғы 6 маусым 15 сағат 30 минут уақытындағы жағдайға сәйкес зардап шеккен адамдардың  19-сы стационарлық ем қабылдауда. Оның ішінде 16 адам жедел медициналық көмек ауруханасына (3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 13 пациенттің жағдайы орташа ауыр деңгейде), 3 адам Ақтөбе облыстық ауруханасына жатқызылды (1 пациент өте ауыр жағдайда, 2 пациенттің жағдайы орташа ауыр деңгейде).

15 адам амбулаторлық ем қабылдауда.

Пациенттердің жағдайын ҚР ДСӘДМ үнемі бақылауға алды.

8 маусым, 2016 - 09:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші