Соңғы 8 жылда бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік жәрдемақы көрсеткіші 4,6 есеге артты | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Соңғы 8 жылда бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік жәрдемақы көрсеткіші 4,6 есеге артты

Соңғы 8 жылда бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік жәрдемақы көрсеткіші 4,6 есеге артты

2008-2015 жылдар аралығында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі қарай - МӘСҚ) бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған азаматтарға төленетін жәрдемақы көлемі 4,6 есеге ұлғайып, 13 млрд. 349 млн-нан 61 млрд.703 млн-ға өсті.   

Жүктілік пен босану, жаңа туған нәрестені асырап алуға байланысты және кірісінен айырылған жағдайда азаматтарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы 2005 жылдан бастап 3,5 есеге өсіп, 50 млрд. 972 млн. теңгені құрады (2005 жылы 14 млрд. 660 млн. болды).

2005-2015 жылдар аралығында жұмыс істеу қабілетінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік жәрдемақы 6 млн. теңгеден 7 млрд. 433 млн. теңгеге ұлғайды, асыраушысынан айырылған жағдайдағы төленетін жәрдемақы 4 млн-нан 4 млрд. 840 млн. теңгеге өсті, сонымен бірге, жұмысынан айырылған жағдайдағы төлемақы көлемі 30 мың теңгеден 1 млрд. 711 млн.теңгеге артты. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыс істейтін тұрғындарды әлеуметтік сақтандырудың қосымша формасы ретінде енгізілген.  ҚР ДСӘДМ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі әлеуметтік қатерге тап болған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы мен төлемақылар тағайындайды.

8 маусым, 2016 - 12:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші