X
egov

You are here

Ақмола облысында әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту мәселелрі бойынша республикалық семинар өтуде

Ақмола облысында әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту мәселелрі бойынша республикалық семинар өтуде

Бүгін Бурабай ауылында Дүниежүзілік банктің қолдауымен ҚР-дағы әлеуметтік келісім шартты қолдану арқылы шартты ақшалай көмек беру бойынша «Өрлеу» жобасын енгізу тәжірибелерімен алмасу жөніндегі екі күндік республикалық семинар басталды.

Семинар жұмысына ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Дүниежүзілік банк және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты – жобаны Қазақстанның барлық облыстарында әрі қарай толыққанды жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу болып табылады.

Екі күннің ішінде аймақтардағы «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру мәселелері, біріктірілген әлеуметтік қорғау жүйесінің халықаралық тәжірибесі, сонымен қатар, пилоттық жобаға аз қамтылған азаматтарды қатыстыру аясын кеңейту туралы ұсыныстар қарастырылады.  

Қазіргі таңда «Өрлеу» жобасы  аз қамтылған, еңбекке жарамды азаматтардың міндетті түрде белсенді шараларға қатысуымен шартталған әлеуметтік келісім шартты жасау арқылы атаулы әлеуметтік көмекті жаңғырту шараларын қарастыратын әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту шараларының аясында жүзеге асырылып келеді.

2014 жылдан бастап жоба пилоттық режимде Ақмола, Шығыс-Қазақстан және Жамбыл облыстарында іске асырыла бастады. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен пилоттық жоба қосымша 38 аудан мен қалаларда жүргізіле бастады. 2015 жылы «Өрлеу» жобасына 20,2 мың адам қатысты. Жобаны іске асыру оған қатысушылардың жан басына шаққандағы табысының 2 есеге артуына; 90%-ға жуық еңбекке қабілетті қатысушыларды жұмыспен қамту шараларына тартуға; республика аумағындағы 18 жасқа дейінгі атаулы әлеуметтік және мемлекеттік жәрдемақы алушылар санын сәйкесінше 31,8%-ға және 2,1%-ға қысқаруына мүмкіндік туғызды.

Оң нәтижелерді ескере отырып, бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы»  Заңға Мемлекет басшысы 2015 жылғы 28 қазанда қол қойды.

Аталған Заңның аясында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50%-нан төмен отбасына жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуымен шартталған АӘК-ні әрбір отбасы мүшесіне көрсетудің жаңа тәртіптерін енгізу қарастырылған.

9 маусым, 2016 - 20:45 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші