Ақтөбе қаласының ауруханаларында лаңкестік әрекеттер салдарынан зардап шеккен 16 адам емделуін жалғастыруда | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Ақтөбе қаласының ауруханаларында лаңкестік әрекеттер салдарынан зардап шеккен 16 адам емделуін жалғастыруда

Ақтөбе қаласының ауруханаларында лаңкестік әрекеттер салдарынан зардап шеккен 16 адам емделуін жалғастыруда

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарының мәліметінше, 05.06.2016 – 10.06.2016 ж. аралығында Ақтөбе қаласы стационарларына барлығы 39 адам жеткізілді, оның ішінде 4 адам облыстық ауруханаға, 33 адам жедел медициналық көмек ауруханасына (1 пациент 10.06.2016 ж. сағ. 09:40-та), 2 адам теміржол ауруханасына (10.06.2016 ж. сағ. 05:00-де) жіберілді.

Аталған уақыт аралығында стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі деңгейінде 16 пациентті амбулаторлық емдеу бойынша  ұсынымдар берілді.

Барлығы зардап шеккен 23 пациент ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 2 адам стационарда қайтыс болып, 5 пациент ауруханадан шығарылды.

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласының стационарларында 16 зардап шеккен азамат емделуде, оның  ішінде 13 адамның жағдайы орта деңгейдегі ауыр, 3 пациенттің жағдайы ауыр деңгейде (10.06.2016 ж. ауруханаға жатқызылған пациентті жедел түрде емдеуде) деп бағаланып отыр.

Бүгін ауруханаға 05.06.16 ж. жатқызылған пациенттердің бірі республикалық санитарлық авиация көмегімен Нейрохирургия ұлттық орталығына жеткізіледі.

10 маусым, 2016 - 15:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші