Қазақстанда «Халыққа барамыз!» республикалық акциясы басталды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда «Халыққа барамыз!» республикалық акциясы басталды

Қазақстанда «Халыққа барамыз!» республикалық акциясы басталды

Бүгін Қазақстанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) ұйымдастырған «Халыққа барамыз!» атты акция басталды. Шараның мақсаты – мүгедектігі бар және арнаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жағдайын жақсарту мен олардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдау шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыру болып табылады.

3 айдың ішінде (15 қыркүйекке дейін) аймақтардағы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, аудандық (қалалық) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесіп, халыққа мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарын түсіндіреді.

Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары келесі тақырыптар бойынша өтеді:

- 2015 жылғы 3 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен қарастырылған мүгедектігі бар азаматтардың құқығын жетілдіру шаралары;

- мүгедектігі бар азаматтар үшін кедергісіз орта құруға қойылатын негізгі талаптар, болмаған жағдайда сәйкес мемлекеттік органдардың жауапкершілігі;

- ҚР мүгедектері қоғамдық бірлестіктері мен ҚР мүгедектері қоғамдық бірлестіктері  құрған ұйымдарды мемлекеттік қолдау шаралары;

- техникалық қосалқы (компенсаторлы) және арнайы қозғалыс құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі;

- мүгедектерге көрсетілетін мемлекеттік, сондай-ақ  композиттік қызметтерді көрсету тәртібі;

- қиын жағдайға тап болған азаматтарға бюджет арқылы және ақылы түрде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі;

- азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне сәйкес медициналық-әлеуметтік ұйым қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібі;

- әлеуметтік көмек пен қолдау түрлері, тетіктері мен оларды алу жолдары;

- «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының және жұмыспен қамту аймақтық кешенді жоспарының аясында жұмыспен қамту шаралары.

ҚР-дағы мүгедектердің өмірін жақсарту мен олардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әкімдердің мүгедектігі бар азаматтар мәселелері бойынша кеңесшілері, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері және т.б. қатысуымен бірқатар отырыстар, дөңгелек столдар, семинарлар өткізіледі. 

15 маусым, 2016 - 16:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші