Алматыда әлемнің әр елінен келген кардиологтар жүрек-тамыр ауруларын диагностикалау мен емдеудегі жаңа әдістерді талқылауда | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Алматыда әлемнің әр елінен келген кардиологтар жүрек-тамыр ауруларын диагностикалау мен емдеудегі жаңа әдістерді талқылауда

Алматыда әлемнің әр елінен келген кардиологтар жүрек-тамыр ауруларын диагностикалау мен емдеудегі жаңа әдістерді талқылауда

Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы кардиологтарының VIII Конгресі,  Интервенциялық кардиологтар және рентгенхирургтардың қазақстандық қоғамының III съезі және Электрофизиология және жүрек стимуляциясы бойынша I Конгресі өтуде. Аталған шаралар аясында алыс жақын шетелдердегі кардиологтар негізгі жүрек-тамыр ауруларын емдеу мен диагностикалаудағы жаңа тәсілдерді талқылайтын болады.

Шара ұйымдастырушылары: ҚР ДСӘДМ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы Кардиологтарының ассоциациясы, Қазақстан аритмологтары қоғамы, Интервенциялық кардиологтар және рентгенхирургтардың қазақстандық қоғамы.

Форумға Неміс кардиологтары қоғамының президенті Карл-Хайнц Кукк, Түрік әлемінің кардиологтары ассоциациясының президенті Махмуд Шахин, Ресей кардиологтары қоғамының президенті Евгений Шляхто, ДДСҰ-ның ҚР-дағы өкілі Мелита Вуйнович, ҚР кардиологтары ассоциациясының президенті Сәлім Беркінбаевтың және т.б. қатысты. Сонымен қатар, шараға еліміздің барлық аймағындағы денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, бас мамандар, кардиологтар, аритмологтар және интервенциялы кардиологтар, барлығы 400 адам шақырылды.

4 күннің ішінде ғалымдар мен дәрігерлер кардиологиялық қызметті ұйымдастырудың мәселелерін, интервенциялық кардиология, клиникалық электрофизиология және интервенциялық аритмологияның дамуын, негізгі жүрек-тамыр ауруларын диагностикалау мен емдеудің жаңа тәсілдерін, сондай-ақ негізгі кардиологиялық ауруларды оңалту және алдын алу мәселелерін талқылайтын болады.

15 және 17 маусымда ҚР ДСӘДМ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты және Қалалық кардиологиялық орталықтың негізінде шеберлік-кластар өткізілетін болады.

Сонымен қатар, дәрілік заттар, диагностикалық емдеу құралдары, заманауи ақпараттық технологиялар мен медициналық мамандандырылған басылымдардың көрмесі өткізіледі.

Форум аяқталғаннан кейін республикадағы кардиологиялық және терапевтік қызметті жетілдірудің жолдарын анықтайтын қарар қабылдау жоспарланып отыр.

15 маусым, 2016 - 17:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші