ҚР ДСӘДМ Ұлттық дәрілік формулярмен жұмыс істеу бойынша медициналық қызметкерлерді оқыту үшін сарапшылар тобын дайындауда | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ Ұлттық дәрілік формулярмен жұмыс істеу бойынша медициналық қызметкерлерді оқыту үшін сарапшылар тобын дайындауда

ҚР ДСӘДМ Ұлттық дәрілік формулярмен жұмыс істеу бойынша медициналық қызметкерлерді оқыту үшін сарапшылар тобын дайындауда

20-21 маусымда Астанада жаңа, тегін, пациенттер мен дәрігерлер үшін қолжетімді Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды (әрі қарай - ҚҰФ) толыққанды қолдану бойынша семинар өтті. 2 күннің ішінде халықаралық кеңесшілер мен ҚР ДСӘДМ мамандары Астанадағы және жақын аймақтардағы негізгі сарапшыларға ҚҰФ-тың артықшылықтары туралы айтып, нұсқаулық берді, сонымен қатар, жаңа ресурсты қолдана отырып, пациенттерге дәрілерді дұрыс тағайындау туралы әңгімелеп берді.

Семинар қатысушылары алдында сөз сөйлеген ҚҰФ жасаушыларының бірі, EBN Health компаниясының басқарушы директоры Дункан Энрайт: «Біз ҚҰФ-ты Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне тікелей жеткізіп отырғанымызға қуаныштымыз. Біз пациенттерге көрсетілетін медициналық көмекті жақсартумен қатар, медициналық қызметкерлерге көмекші құрал бола алатын жаңа ресурсты дұрыс қолдануды үйретеміз. Жұмысы қыруар дәрігерлерге формуляр соңғы дәлелдемелерге сүйене отырып, қандай жаңа дәрілердің бекітілгені туралы ақпарат береді. Сонымен бірге, ол денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлеріне дәріні таңдау мен оның мөлшерлемесінің дұрыс екендігіне көз жеткізіп, өздері қолданатын дәрілік заттар туралы кез келген жаңа ақпаратты білуіне мүмкіндік береді. Семинарға қатысушылар ҚҰФ-ты қолдану туралы өзгелерге ақпарат беріп, оның әрі қарай кеңінен қолданылуына көмектесетініне сенімдімін», - деді.

Семинарға қатысушылар өз ұйымдарында алған білімдерін кеңінен таратуға мүмкіндік беретін қажетті материалдарды алды.

23-24 маусым күндері семинар Ақтөбе қаласында, 27-28 маусымда Алматыда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр Ұлыбритания және Жаңа Зеландия елдерінде формулярды жасаған халықаралық сарапшылар EBN Health компаниясының басқарушы директоры Дункан Энрайт пен аталған компанияның емханалық директоры Дэвид Вудстың қатысуымен жасалды.

ҚҰФ құрамында емханалық тиімділігі дәлелденген дәрілер бар, ол әлемдегі ең үздік формулярлар қағидасы бойынша жасалған. Формуляр www.knf.kz бойынша онлайн-байланыс арқылы қолжетімді, оны компьютер арқылы, сонымен қатар, смартфондар мен планшеттер сияқты мобильдік технологиялар арқылы қолдану жеңіл әрі оңай. ҚҰФ өзекті ақпаратпен қазақ және орыс тілдерінде дер уақытында қамтамасыз ету мақсатында үнемі жаңатылып отырады. Оның міндеті – әрбір азаматқа, оның әлеуметтік дәрежесі мен кіріс деңгейіне қарамастан, дәрілерді тиімді қолдануды қамтамасыз ету мен қолжетімді фармацевтік көмек көрсету болып табылады.  

22 маусым, 2016 - 12:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші