Т. Дүйсенова «ZB PAIN RELIEF» ортопедиялық жабыстырғышты қимыл-тірек аппаратын емдеу мақсатында қолдану үшін ұсынатыны туралы интернетте таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Т. Дүйсенова «ZB PAIN RELIEF» ортопедиялық жабыстырғышты қимыл-тірек аппаратын емдеу мақсатында қолдану үшін ұсынатыны туралы интернетте таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды

 «ZB PAIN RELIEF»

 

Сейітқазы Матаевтың авторлығымен тірек-қимыл аппаратын тиімді емдеуге арналған «ZB PAIN RELIEF» ортопедиялық жабыстырғышы туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсеновамен сұхбат түрінде берілген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат Google.com дүниежүзілік іздеу серверіндегі вирустық жарнама баннерлері, сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылуда.

Аталған ақпараттағы дереккөз белгісіз болғандықтан, ол шындыққа сай келмейді.

Соңғы 1,5 жылда Сейітқазы Матаев Тамара Дүйсеновадан сұхбат алған жоқ. 

Сұхбатта жарнамаланған Қазақстанда тіркелмеген, сонымен қатар, емханалық тиімділігі дәлелденбеген «ZB PAIN RELIEF» ортопедиялық жабыстырғышы емханалық тиімділігі дәлелденген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізіміне кірмейтіндіктен, оны ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұсына алмайды.  

Емханалық тиімділігі дәлелденген барлық дәрі-дәрмектер Қазақстанның ұлттық дәрілік формулярына енгізілген, оны  www.knf.kz сілтемесі арқылы көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ қызметіне қатысты барлық шынайы ақпарат министрліктің www.enbek.gov.kz  ресми сайтында жарияланады. 

11 тамыз, 2016 - 15:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші