X
egov

You are here

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру» жобасы

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы

2050 жылға қарай барынша дамыған 30 елдің қатарына кіру болып табылатын Қазақстанды дамытудың мақсатына жету елдің теңдестірілген және жан-жақты экономикалық өсуді қолдайтын қабілетіне байланысты. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді даму әлеуетін арттыру көбіне жоғары білікті адами капиталға байланысты болады.  

Жобаны дамытудың мақсаты жұмыспен қамту және нысаналы бенефициарлардың еңбек дағдылары саласындағы нәтижелерді жақсарту мен техникалық-кәсіптік білім беру мекемелеріндегі әрі жоғары оқу орындарындағы дайындау және оқыту бағдарламаларының өзектілігін арттыру болып табылады.

Осы Жоба экономикалық әртараптандыруды, жұмыс орындарына байланысты дағдылар мен реформаларды дамытуды қолдауға бағытталған, Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасы Үкіметімен Стратегиялық ынтымақтастығы аясында іске асырылады. 

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің арасындағы Қарыз беру туралы 2015 жылғы 20 шілдедегі № 8490-кz келісімді басшылыққа алады.      

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 5 ақпандағы № 451-V Заңымен ратификацияланған.

Жобаны іске асыру мерзімдері – 2016-2020 жылдар.

Жобаны жабудың жоспарланған мерзімі – 2020 жылғы 30 маусым.

Атқарушы агенттік:

Жобаны іске асырудың атқарушы агенттігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – ДӘДМ) болып табылады.

Жобаның ұйымдастырушылық құрылымы

 

Жобаның жұмыс органы: Жобаны басқару тобы (бұдан әрі – ЖБТ) Жобаны іске асыру жөніндегі жұмыс органы болып табылады және Жобаны іске асыру мен барлық тұрақсыз жұмысқа күнделікті үйлестіруді, басқаруды және мониторингті жүзеге асырады.

Жобаның бенефициарлары:

Жобаның бенефициарлары оқытуды қажет ететін жұмыссыздарға, өнімсіз жұмыспен қамтылғандарға және жұмысқа орналастырылған жұмысшыларға жататын жеке адамдар болып табылады. Институционалдық деңгейде Жұмыспен қамту орталықтары және оқыту қызметтерін жеткізушілер олардың әлеуетін нығайту және жоба бенефициарларына үздік сапалы қызметтерді ұсыну мақсатында қолдау алатын болады. 

Жоба мынадай компоненттерден тұрады: 

1-компонент «Ұлттық біліктілік жүйесіне арналған негіздерді қалыптастыру»:

  1. шағын компонент «Қайта қарау және келісу процестерін қосқанда, кәсіби стандарттарды жетілдіру»  
  2. шағын компонент «Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) әрі жоғары білім беру бағдарламаларын қайта қарау мен жаңарту жүйесін әзірлеу және іске асыру»
  3. шағын компонент «Тестілеу және кәсіби сертификаттау сынамалы салалық орталықтарына консультациялық қолдау көрсету арқылы біліктілікті бағалаудың және берудің тәуелсіз жүйесін құру жөніндегі жол картасын әзірлеу»

2-компонент «Жұмыспен қамту және өнімділік саласындағы нәтижелерді арттыру үшін дағдыларды жетілдіру»: 

2.1. Шағын компонент «Жұмыссыздарға және өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған адамдар үшін жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметтерін жетілдіру»

2.2. Шағын компонент «Жұмыс күшін оқытудың өзектілігін арттыру»

2.3 Шағын компонент «Дағдылардың деңгейін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын жасау және енгізу»

3-компонент «Жобаны басқару, мониторинг және бағалау»:

3.1. Шағын компонент «Операциялық шығыстар, тауарлар, қызметтер»

3.2. Шағын компонент «Жобаны мониторингілеу және бағалау, Ақпараттық-түсіндіру науқаны»

 

28 маусым, 2016 - 10:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші