X
egov

You are here

Алматыда Орталық Азия елдерінің сарапшылары туберкулезді трансшекаралық бақылау, алдын алу және емдеу мәселелерін талқылады

Алматыда Орталық Азия елдерінің сарапшылары туберкулезді трансшекаралық бақылау, алдын алу және емдеу мәселелерін талқылады

Бүгін Алматыда еларалық жұмыс топтарының «Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау» атты екінші аймақтық кездесуі өтті. Шара барысында сарапшылар еларалық жұмыс топтарының ұсыныстарын ескере отырып, Орталық Азия өңірінде туберкулезді трансшекаралық бақылау, алдын алу және емдеу жөніндегі ынтымақтастық туралы Еларалық шектелмелі келісімінің жаңартылған жобасын талқылады.

Шараға денсаулық сақтау және көші-қон мәселелерімен шұғылданатын Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан министрліктері мен ведомстволарының, сонымен бірге, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай - ДДСҰ), Көші-қон халықаралық ұйымының, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Қоғамдары Федерациясының, ұлттық туберкулезге қарсы орталықтарының және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Отырыста Еларалық келісімді әзірлеу бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта қарастырылған іс-шараларды орындау жөнінде ақпарат ұсынылды. Туберкулезді трансшекаралық бақылау және емдеу жобасына азаматтық қоғамның және ҮЕҰ өкілдерін тарту, елдер арасында туберкулезге шалдыққан аурулар, мигранттарды диагностикалау және емдеу туралы ақпаратпен алмасу мәселері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс топтарының аймақтық отырыстарын Қазақстан Республикасының 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезді бақылау бойынша кешендік жоспарының аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және Project HOPE үкіметтік емес ұйымы өткізіп келеді. Бірінші отырыс 2016 жылғы сәуірде өтті.

28 маусым, 2016 - 11:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші