X
egov

You are here

Шалғай елді-мекендердің тұрғындары әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша медициналық көмекті тегін алады

медициналық көмек

Ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында ел аймақтарында «Денсаулық жолы - 2016» республикалық акциясы өтеді.  Шара барысында  шалғайдағы елді-мекендерге құрамында терапевтер, кардиологтар, эндокринологтар, онкологтар мен салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің мамандары бар медициналық жұмылдыру топтарын жіберу ұйымдастырылады. Ауыл тұрғындары әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу  туралы кеңес алып, тегін тексеруден өте алады.

Аталған акцияның мақсаты – қоғам мен мемлекеттік органдардың назарын ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғау мен сақтау сонымен қатар, әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне аудару, әртүрлі аурулардың профилактикасы бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық-ағартушылық және консультативті-диагностикалық  көмек көрсету, қауіпті мінез-құлық факторларының таралуын төмендету болып табылады.

Жұқпалы емес аурулардан (жүрек-қантамырлары, онкологиялық аурулар, тыныс алу мүшелерінің созылмалы патологиясы, қант диабеті және т.б.) темекі шегу, тамақтанудың дұрыс емес тәртібі, физикалық жүктеменің жеткілікті деңгейде болмауы (гиподинамия), ішімдік ішу сияқты жалпы факторлар, сонымен қатар, ерте диагностикалау мен емдеу шаралары арқылы айтарлықтай дәрежеде арылуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Денсаулық жолы» кең көлемді акциясы жыл сайын шалғайдағы ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында өткізіліп тұрады. 

4 шілде, 2016 - 18:40 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші